Сарбаз (парс. сәр — бас, басшы; “баз” жұрнағы қосылып басшыға еруші деген мағына береді) — қатардағы әскер, жасақты қол.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Ерекше жағдайда (жорыққа шыққан, жау шапқан жағдайда) жасақталған қалың қолды Сарбаз деп атаған. Сарбаздар ондықтарға, жүздіктерге, мыңдықтарға бөлініп, оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасы басқарған, жалпы әскерді сардар басқарған.
Мысалы, 1916 ж. Торғай қазақтарының патша өкіметіне қарсы көтерілісіне қатысушыларды Сарбаз деп атаған.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс