«Үшінші адам» (ағылш. The Third Man) — 1949 жылы шыққан британдық ақ-қара түсті детективтік фильм. Үшінші Канн кинофестивалінің гран-при жүлдесін, үздік британдық фильм үшін BAFTA сыйлығын және үздік операторлық жұмыс үшін «Оскар» сыйлығын жеңіп алған.

Фильм Грэм Гриннің осы аттас шығармасы негізінде түсірілген. Музыканы Антон Карас өзі шығарып, өзі орындаған, ол тек цитра аспабын ғана қолданған, фильмнің шығуы оны әлемге әйгілі етті.

1999 жылы Британдық кино институты (British Film Institute) «Үшінші адамды» 100 үздік британдық фильм тізімінде бірінші орынға орналастырды.Best 100 British films - full list — Би-Би-Си, 23.09.1999. 2011 жылы Time Out журналы оны екінші орынға орналастырған болатын.100 best British films: the full list — Time Out, 9.02.2011.

Сюжет Соғыстан кейінгі Венада төрт мемлекеттің жасақтары қоғамдық қауіпсіздік шараларын атқарып жүреді, сонда да қара нарық қарқынды дамып жатыр. Веналық досының шақыруымен америкалық жазушы Холли Мартинс осы қалаға келіп жетеді, бірақ досының жазатайым оқиғада қайтыс болғанын естиді. Досының таныстары айтуынша, Гарри Лаймды мәшине қағып кетеді, оны екі адам жаяужолға дейін апарады, сол кезде ол өледі. Біраздан соң аула тазалаушы: Гарри Лаймның қасында үш адам болды және ол жанын қағылған сәтінде тапсырды, деп айтады. Холли Мартинс осы үшінші адам кім болғанын анықтауға тырысады.

Басты рөлдерде +АктерлерКейіпкерлерДжозеф КоттенХолли МартинсАлида ВаллиАнна ШмидтОрсон Уэллс Гарри ЛаймТревор Ховардмайор КэллоуэйБернард Ли сержант ПэйнУилфрид Хайд-УайтКрэббинЭрнст Дойч«барон» КурцЭрих Понтодоктор ВинкельЗигфрид БройерПопескуАлексис Чеснаковполковник БродскийПауль ХёрбигерКарл, аула тазалаушы

Дереккөздер

Санат:Кэрол Рид фильмдері Санат:Ұлыбритания фильмдері Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (фильмдер)