Орал облысы — 1868-1920 жылдары болған Ресей империясындағы облыс.

Тарихы Орал облысы император II Александрдың 1868 жылғы 2 қарашадағы жарлығымен құрылды. Оған Орал казак әскерінің жерлері (1917 бастап Жайық казак әскері) мен Орынбор Қазақтары аймағының бір бөлігі кірді. Гурьев, Қалмақ, Ембі, Орал уездеріне бөлінді. Орынбор (1868–1881) және Дала генерал-губернаторлықтарының (1882–1917) құрамына кірді.

1891 жылы Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ережемен Ембі уезін Темір уезі деп өзгертті. 1899 жылы Қалмақ уезі Ілбішін уезі болып өзгертілді.

1918 жылы 29 наурызға қараған түні Оралда Жайық казак әскерінің әскери үкіметі «Алаш» партиясының өкілдерімен одақтасып, төңкеріс ұйымдастырды. Облыс орталығы ақ әскерлердің қарамағына өтті. Орал әскери үкіметі құрылды. 1919 жылдың қаңтар-наурызында ЖШҚӘ бір бөлігі Орал облысының көп бөлігін басып алды. 1919 - 1920 жылдары оның аумағында ЖШҚӘ бөлімдері мен генерал-лейтенант В.С.Толстовтың басқаруындағы Орал ақ әскерлері арасында ауыр шайқастар өтті.

1920 жылдың басында Орал облысының аумағы толығымен ЖШҚӘ қарамағына өтті. Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитет пен Орынбор губерниялық атқару комитетінің 1920 жылғы 7 шілдедегі бірлескен шешімімен Темір уезі жаңадан құрылған Орынбор-Торғай губерниясына берілді.

БОАК мен РКФСР ХКК 1920 жылғы 26 тамыздағы жарлығымен Қазақ АСКР құрамына енгізілді. 1920 жылдың 12 қазанында Қырғыз АКСР Кеңестерінің І Құрылтай съезінің шешімімен Орал губерниясы болып өзгертілді.

Географиясы нобай|323x323 нүкте|Орал облысы (Ресей империясы). Патшаға ұсынылған есепке қосымша құжжат. 1895 ж. Орал облысы Еуропалық Ресейдің оңтүстік -шығысында, 53° пен 45,5° с.е. және 49° пен 59° ш.б. аралығында орналасып, 323 700 км² (284 412 шаршы шақырым) аумақты алып жатыр, оның 70 640 км² (62 068 шаршы шақырым) бөлінбейтін қауымдық меншік ретінде Орал казак әскеріне тиесілі, ал 253 000 км² (222 344 шаршы шақырым) мемлекеттік меншікті құрай, қырғыз-қайсақтардың жалпыға ортақ пайдалануына берілді. Кеңістік бойынша бұл облыс Ресей империясының губерниялары мен облыстары арасында 19-орынды, Еуропалық Ресейде 4-орынды иеленді.

Шекарасы: солтүстікте — Орынбор және Самара губерниялары, батыста — Самара губерниясы, Астрахан губерниясының Ішкі немесе Бөкей Ордасының жерлері, оңтүстік-батысында — Каспий теңізінің бір бөлігі, оңтүстігінде — Күнгей Каспий облысы мен Каспий теңізінің жағалауы, шығыста — Торғай облысы мен Арал теңізінің бір бөлігі.

1932 жылдан бастап облыс аумағы РКФСР құрамындағы Қазақ АКСР Батыс Қазақстан облысының құрамына кіреді.

Әкімшілік бөлінісі XX ғасырдың басында бұл облысқа 4 уез кірді:

№ Уез Уездік қала Ауданы, шақырым² Тұрғындары (1897), адам Станица саны Болыс саны 1 Гурьев Гурьев (9 322 адам)46 315,1293 619 5 17 2 Ілбішін1899 жылға дейін Қалмақ деп аталды Ілбішін (3 400 адам)62 017,6169 673 10 14 3 Темір Темір (616 адам)117 836,095 071 0 21 4 Орал Орал (36 466 адам)46 315,1293 619 16 8

1920 жылы Темір уезі Торғай губерниясына берілді, ал облыс Қырғыз АКСР құрамында аттас губернияға айналды.

Тұрғындары 1897 жылғы ұлттық құрамыДемоскоп Weekly — Қосымша. Статистикалық көрсеткіштердің анықтамалығы:

уез қазақтар орыстар татарлар тұтас губерния 71,3 % 24,9 % 2,8 % Гурьев уезі 81,7 % 16,9 % 1,1 % Қалмақ уезі 85,0 % 12,8 % 1,3 % Темір уезі 99,0 % … … Орал уезі 51,4 % 42,3 % 4,9 %

Облыс жетекшілігі Губернаторлар Т. А. Ә. Атағы, шені, лауазымы Лауазымды орындау уақыты Веревкин Николай Александрович генерал-майор 02.01.1869—30.08.1876 Голицын Григорий Сергеевич кінәз, Ұлы Мәртебелі генерал-майор 30.08.1876—10.02.1885 Шипов Николай Николаевич генерал-майор 16.02.1885—24.02.1893 Максимович Константин Клавдиевич генерал-майор 24.02.1893—23.02.1899 Ставровский Константин Николаевич генерал-лейтенант 04.04.1899—01.05.1905 Родзянко Николай Владимирович генерал-лейтенант 15.05.1905—01.01.1910 Дубасов Николай Васильевич генерал-лейтенант 01.01.1910—1913 Хабалов Сергей Семёнович генерал-лейтенант 1913—1916

Вице-губернаторлар Т. А. Ә. Атағы, шені, лауазымы Лауазымды орындау уақыты Рогали-Ревицкий Яков Тимофеевич статтық кеңесші 10.01.1869—20.02.1881 Киреев Иван Петрович полковник 20.02.1881—06.02.1888 Леонтьев Иван Михайлович церемониймейстер лауазымында, коллеждік асессор 28.04.1888—02.01.1892 Трепов Федор Федорович полковник 13.02.1892—11.08.1894 Лисаневич Иван Алексеевич полковник (нақты статтық кеңесші) 30.10.1894—26.08.1900 Иславин Михаил Владимирович статтық кеңесші, л. а. (14.08.1901 бекітілді) 22.01.1901—16.12.1902 Тарасенко-Отрешков Иван Аполлонович коллеждік кеңесші 16.12.1902—24.04.1904 Шидловский Пётр Петрович сарай кеңесшісі (коллеждік кеңесші) 24.04.1904—02.06.1906 Корбутовский Сергей Павлович статтық кеңесші 02.06.1906—12.07.1909 Дьяченко Сергей Сергеевич коллеждік кеңесші 12.07.1909—31.12.1910 Мордвинов Михаил Дмитриевич нақты статтық кеңесші 31.12.1910—1917

Бейнелемесі

Дереккөздер

Санат:Ресей империясы облыстары