Сабина Заирқызы Әзімбаева (14 ақпан 2000, Алматы, Қазақстан) — қазақстандық модель, Алматы аруы 2017 сұлулық байқауының жеңімпазы. Әлем аруы 2018 сұлулық байқауында ел намысын қорғады«Әлем аруы-2018»: қазақстандық Сабина Әзімбаева туралы не белгілі.
Өмірбаяны Алматыда туып өскен. «Тұран» колледжін «аудармашы және гид» мамандығы бойынша бітірген.
Бокс және мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрында билермен айналысады.
Ұлты бойынша — ұйғыр.
Халықаралық бизнес университетінде «туризм» мамандығы бойынша оқиды.
2019 жылдың қазан айында тұрмысқа шықты, күйеуі туралы еш мәлімет жоқ.
Сұлулық байқаулары Алматы аруы 2017 11 қыркүйекте Алматы аруы 2017 сұлулық байқауының жеңімпазы атанды.
Қазақстан аруы 2018 «Қазақстан аруы-2018» ұлттық сұлулық байқауына қатыстыСабина Әзімбаева Алматыдан. «Қазақстан аруы» финалистері. Ол бесінші орынға ие болып, Топ-5-ке кірді16 жастағы атыраулық бойжеткен «Қазақстан аруы-2018» атанды.
Әлем аруы 2018 «Әлем аруы-2018» байқауында Қазақстан атынан қатысты.
Бастапқыда «Әлем аруы-2017» байқауына қатысуы керек еді, бірақ оның орнына Камила Асилова барды.
Дереккөздер
Санат:Модельдер