Виктор Алексеевич Радус-Зенькович (31.12.1877, Архангельск – 4.10.1976, Мәскеу қаласы) – кеңестік мемлекет қайраткері, Қазақ АКСР-інің алғашқы басшыларының бірі.
Өмірбаяны Мәскеу университетінде оқыған; 1902 жылы – Иркутск губерниясына жер аударылып, шет елге қашады; 1903 жылдан РСДЖП мүшесі ретінде партияның әскери ұйымдарында (Николаев, Баку, Мәскеу қалалары) жұмыс істейді; 1908 жылы – каторгага жіберіліп, 1913 жылы Иркутск губерниясына жер аударылады; 1917 жылы – Саратов атқару комитетінің мүшесі, “Социал-демократ”, “Известия Саратовского Совета” газеттерінің редакторы; 1918 жылы – РКФСР еңбек халық комиссарының орынбасары; 1920 жылы – Қырғыз (Қазақ) Революциялық комитетінің төрағасы, ҚАКСР Халкомкеңесінің төрағасы; 1921–22 жылдар – РК(б)П ОК Кирбюросының хатшысы; 1925–27 жылдар – БК(б)П Орталық бақылау комиссиясының төрағасы (Минск қаласы); 1930–33 жылдар – РКФСР еңбек халкомының орынбасары; 1933–37 жылдар – байланыс қызметкерлері одағы ОК төрағасы; 1940 жылдан КОКП ОК жанындағы марксизм-ленинизм институтында жұмыс істеді; 1956 жылы зейнетке шықты.
Марапаттары "Ленин ордені". “Құрмет белгісі” ордені.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Архангельскде туғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан билеушілері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері