Қолжеткен – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Кетпен жотасының шығысындағы Аспантау тауының солтүстік баурайындағы бұлақтардан алып, Іле өзеніне 3 км жетпей жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 237 км2. Жоғарғы ағысы тік жартасты шатқалмен ағады. Көлжат ауылының жоғарғы жағында жағалауы жарқабақты келеді. Көлжат ауылына дейін арнасында жыл бойы су болады. Одан төменде қарасуларға бөлініп қалады. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Төменгі ағысы егістік суаруға кетеді. Алабы мал жайылымы және шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұйғыр ауданы өзендері Санат:Іле су алабы