Желеу Жақыпұлы (1904, Ащысай ауылы – 1970, Кентау қаласы) – ақын, әнші, жыршы. Қоңырат тайпасы Көтенші руының Маңғытай бөлімінен.
Қаратаудың теріскейі мен күнгейін, Сыр бойын көп аралап, ел аузындағы жыр-дастандарды жаттаған. Нұралы Нысанбайұлы, Мұса Байзақұлы (Молда Мұса), Сұлтанбек Аққожаевтан көптеген эпостық шығармалар үйренген, оны кейін қағазға түсіріп, Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына өткізген. Ж. жинақтаған «Алпамыс батыр» жыры көптеген ғылыми жұмысқа негіз болды. Ақын өз өлеңдеріне Кентау, Ащысай еңбеккерлерінің өмірін, туған жер табиғатын арқау еткен. Облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысқан.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1904 жылы туғандар Санат:Кентауда туғандар Санат:1970 жылы қайтыс болғандар Санат:Кентауда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақстан жыршылары Санат:Айтыс ақындары