thumb|right|200px|1921—1925 жылдардағы Абхазия Социалистік Кеңес Республикасының елтаңбасы

Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы (қысқаша Абхазия СКР, АСКР; ) — бұрынғы тәуелсіз кеңестік социалистік республика. 1921 жылы 16 желтоқсанда Грузия КСР-мен арнайы одақтық шартқа қол қойылғаннан кейін Грузиямен бірігіп, «шарттық»Конституция Грузии от 1927 г. Глава V: Келісімді Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы туралы Конституция СССР 1924 года. Договор об образовании. Глава IV. Примечание. Аджария мен Абхазия — Автономиялық республикалары – және Оңтүстік Осетия, Таулы Қарабақ және Нахшыван — автономиялық облыстары – Ұлттар кеңесіне бір-бір өкілден жібереді. социалистік республика мәртебесін алдыКонституция ССР Абхазии 1927 года: Абхазия Республикасы – арнайы шарт бойынша Грузия Социалистік Кеңес Республикасының және ол арқылы Күнгей Кавказ Социалистік федеративтік Кеңесінің құрамына кіретін жұмысшылар мен еңбекші шаруалардың социалистік мемлекеті. Республику. , осылайша Грузиямен тең жағдайда, автономиясыз біріктірілді. Грузия КСР арқылы КСФКР құрамына кірдіКонституция Грузии от 1927 г. Статья 83: Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы арнайы шартқа сәйкес Грузия Социалистік Кеңес Республикасының құрамына және ол арқылы КСФКР құрамына енеді. .

Аяғында «Абхазия Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы» (1931 жылы 19 ақпан – 1936 жылы 5 желтоқсан)Справочник по истории Коммунистической партии и Советского Союза 1898—1991. немесе «Келісімді Абхаз Кеңестік Социалистік Республикасы» (1930 жылы 17 сәуір – 1936 жылы 5 желтоқсан)А. Г. Виноградов. Население России и СССР с древнейших времен по настоящее время: ДЕМОГРАФИЯ. Стр. 127. деп аталды. 1936 жылы 5 желтоқсанда «Абхаз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы» деп аталды. 1992 жылы 23 шілдеде «Абхазия Республикасы» болып өзгертілді.

Тарихы Кеңес өкіметінің орнауы 1921 жылы 4 наурызда Абхазияда Кеңес өкіметі орнады. Абхазияның жоғары лауазымды шенеуніктерінің басқосуында қандай болуі керек деген мәселе көтеріліп, делегаттар бірауыздан мынадай пікірге келді: Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы болып жариялануы керек; Кеңестік Абхазия бүкілресейлік федерацияның тікелей бөлігі болуы керек; Абхазиядағы жалпы саясат буржуазия мен шаруаларға қатысты орташа сақтық танытуы керек.

Ресей халықтары құқықтарының Декларациясын басшылыққа ала отырып, 1921 жылы 26 наурызда РКП(б) Ұйымбюросы мен Абхазия ревкомның кеңейтілген отырысында Абхазияны Кеңестік Социалистік Республикасы деп жариялау туралы шешім қабылданды. Тәуелсіз Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы 1921 жылы 31 наурызда жарияланды. Батуми кеңесінің Абхазиядағы Кеңес өкіметі мен Коммунистік партиясының құрылымы туралы хаттамасында былай делінген:

Бірақ 1921 жылдың 21 мамырында Грузия СКР Революциялық комитеті Абхазия СКР тәуелсіздігін мойындап, Грузия социалистік кеңес республикасы революциялық комитетінің Абхазия социалистік кеңес республикасының тәуелсіздігі туралы Декларациясын қабылдады. Міне, осы құжаттың мәтінінен үзінділер:

1921 жылы 5 қазанда РКП (б) Абхазиядағы Ұйымбюросының Пленумы мен Ревкомның жоғарғы лауазымды адамдарының кеңейтілген отырысында Абхазия СКР тәуелсіздігі туралы мәселе бойынша қаулы қабылданды:

Грузияға қосылуы thumb|250px|left 1921 жылы 16 желтоқсанда Абхазия СКР мен Грузия СКР халықаралық құқық субъектілері ретінде одақтық шартқа қол қойып, оған сәйкес федералдық шарттық негізде Грузия Республикасымен бірікті. 1922 жылы 13 желтоқсанда сол арқылы Абхазия Күнгей Кавказ федерациясына кірді.

1921 жылғы 16 желтоқсандағы Грузия Социалистік Кеңес Республикасы мен Абхазия Социалистік Кеңес Республикасы арасындағы одақтық шарттың 1-тармағына сәйкес Грузия мен Абхазия Социалистік Кеңес Республикалары әскери-саяси, қаржылық және экономикалық одаққа кірді. Сонымен бірге, аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін тараптар бірқатар аумақтарды біріккен деп жариялады, сол арқылы олар бірлескен басқару аймақтарына айналды. Осылайша, Абхазия мен Грузия арасындағы мемлекеттік-құқықтық қатынастар шарттық негізде пайда болды және Одақтық шартқа қол қойылған кезде Абхазия мен Грузия құқықтық жағынан бір-бірімен байланысы жоқ тең құқылы мемлекеттер болды. 4-тармақта Абхазияның Күнгей Кавказ федерациясына Грузия арқылы енетіні, бұл оған өз орындарының үштен бірін беретіні айтылған.

Бұл шартты 1922 жылы ақпанда Абхазия Кеңестерінің бірінші съезі бекітті, онда ол үлкен дау тудырды. Абхазия басшылары орталық большевиктік өкіметтің қысымымен делегаттарды шарттың Абхазия тәуелсіздігіне қауіп төндірмейтініне сендіруге мәжбүр болды. Сонымен, Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Н.Лакоба өз сөзінде съезд делегаттарын тыныштандырып:

Сонымен қатар, Абхазия Республикасының бірқатар өкілеттіктері Грузиямен бірлескен басқару берілгенімен, Абхазия КСР-нің егемендігі, оның аумақтық тұтастығы сақталды.

Абхаз АКСР

1931 жылы 19 ақпанда Абхазия СКР автономиялық республика болып өзгертілді. Республиканың мәртебесін төмендету «автономиялық республикалар мен облыстардың мемлекеттік аппаратын қайта құру» ұранымен жүзеге асырылды. 1930 жылы сәуірде Абхазия Орталық Атқару Комитетінің сессиясында Абхазия мен Грузия арасындағы одақтық шарт туралы мәселе қаралып, бір мәселе – Абхазияны Грузиямен біріктіру туралы мәселені қоспағанда, шарттың өзі маңыздылығын жоғалтты деген қорытындыға келді.

Шипажайлары Абхазия СКР қалалары мен елді мекендері: Сохум, Гагра, Гудаута, Жаңа Афон (Псыртсха), Гулрипш, Ошамшира шипажайлар болып табылады.

Елтаңбасы thumb|right|180px|1925-31 ж. елтаңба 1925 жылы Абхазия Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік елтаңбасы: Абхазия Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы абхаз тілінде – «СССР Апсны» ) деген жазуы бар Абхазия табиғат көрінісінің фонындағы алтын орақ пен балғаның бейнесінен тұрады. Жоғарғы жағында күн сәулесіндегі қызыл бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Елтаңба жүгері, темекі және жүзім шірінен бейнеленген ою-өрнекпен жиектелген және абхаз тілінде: «Апролетарцэа атэылакуа зегьы рчы икоу, шэчеидышэкыл!» («арлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!») деген жазуы бар қызыл жиекпен қоршалған.

Сілтеме Абхазия. Мемлекеттілік пен егемендіктің құқықтық негіздері Хроностағы Абхазия Абхазияның рәміздері Абхаз КСР

Дереккөздер

Санат:КСРО одақтас республикалары Санат:Күнгей Кавказ СФКР Санат:1921 жылы құрылғандар