Қарақұм – Тосынқұм құмының шығысындағы құмды алқап.

Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданы Шеген ауылының оңтүстігінде 20 км жерде орналасқан.

Жер бедері Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай Қабырға өзенін бойлай 10 км шамасында созылып жатыр. Барқанды-төбешікті құмдардың салыстырмалы биіктігі 2-10 м. Басым бөлігін арна тәрізді сортаңды ойыстар тілімдеген. Грунт сулары 2-5 м тереңдікте (минералдығы 1,ғ-5 г/л) жатыр. Құм етегінде Бозшакөл көлі, Қарақұдық, Қандыөзек қыстаулары орналасқан.

Өсімдігі Төбелерде еркек шөп, боз, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысы құмдары