Қатынқұм – Мойынқұм құмының оңтүстік-шығысындағы құмды алқап.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданында орналасқан.
Жер бедері Аумағы 125 км2. Ең биік жері 231 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км. Жонды-қырқалы құмның биіктігі 5-10 м шамасында.
Өсімдігі Құмда теріскен, еркек шөп, жүзгін, қаңбақ, құмаршық, ақ селеу, т.б. өсімдіктер өседі. Тұщы грунт суы құм массивінің жиек жағында 1-2 м тереңдікте кездеседі, кейбір бөлігінде жер бетіне жақын жатады. Қатынқұм қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау облысы құмдары