Ақшатау өнеркәсіптік ауданы — 1963-1964 жылдары болған Қазақ КСР-нің Қарағанды облысы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлігі. Орталығы – Ақшатау қала үлгісіндегі кенті.
Тарихы Ақшатау өнеркәсіптік ауданы 1963 жылы 10 қаңтарда Қарағанды облысының құрамында құрылды. Оның құрамына Жаңаарқа ауданынан Ақадыр, Жамбыл, Өспен және Шет ауданынан Ақшатау мен Қайрақты кенттері кірді.
1964 жылы 18 тамызда Ақжал қала үлгісіндегі кенті құрылды.
1964 жылы 31 желтоқсанда Ақшатау өнеркәсіптік ауданы таратылды. Сонымен бірге Ақадыр, Ақжал, Ақшатау және Қайрақты кенттері Шет ауданына, ал Жамбыл және Өспен кенттері Жаңаарқа ауданына берілді.
Басшылары
КОКП аудком бірінші хатшылары Ы. Мұқаев 1962—1965
Аудандық атқару комитетінің төрағалары В. З. Прерва 1963—1965Шет ауданы. Энциклопедия. Алматы. ҚазАқпарат. 2013. 382 б.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның таратылған аудандары