Арайлым Мұратәлиева (31 желтоқсан 1997 жыл, Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы) — ақын. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Өмірбаяны Оқушы кезінен бастап өлең жазады. Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Педагогика және мәдениет» факультетін тәмамдаған.

2016 жылы 18 жасында "Ай-Зер" атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты.

2019 жылы мәдениет саласы бойынша "Жүз жаңа есім" кандидаттарының бірі болдыАрайлым Мұратәлиева .

Марапаттары 2016 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің "Жыл студенті - 2016" байқауының "Үздік ақын" номинациясының иегері. 2017 жылы қала әкімінің “Үздік жастар” премиясының “Үздік жазушы” номинациясының иегері. 2018 жылы республикалық "Шырайлым - Шұбайқызылым" қаламгерлер байқауының жеңімпазы 2021 жылы "Қазақиям — азат ұям" тәуелсіздігміздің 30 жылдығына арналған жыр мүшайрасында 1 орынды иеленген. 2021 жылы Қарағандыда өткен Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты дәстүрлі Қасым оқулары байқауының «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» жыр мүшәйрасының 3 орын иегері. 2022 жылы республикалық "Күміс қалам - 2022" поэтикалық жобасының жеңімпазы.

Дереккөздер

Сілтемелер Ақын Арайлым Мұратәлиеваның жаңа жыр жинағы таныстырылды СӨЗ ПАТШАСЫ. Арайлым Мұратәлиева

Санат:Алфавит бойынша ақындар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан жазушылар одағы мүшелері