Рэймонд «Рэй» Кеннеди (; 28 шілде 1951 — 30 қараша 2021) — ағылшын футболшысы, жартылай қорғаушы. "Арсенал" және "Ливерпуль" клубтарында өнер көрсеткендігімен танымал.
Жеке өмірі Рэй Кеннеди Паркинсон ауруынан зардап шекті. Ол өзінің мансабын аяқтағаннан кейін өмірінің көп бөлігін осы ауруды зерттеу және бақылау қорларын ұйымдастырумен өткізді. "Арсенал" мен "Ливерпуль" клубтары 1991 жылы Хайбериде осы мақсаттарға ақша жинау үшін матч ұйымдастырды.
Кеннедидің бейнесі Ливерпульдің жанкүйерлері арасында әлі де танымал. Ливерпульдің ресми сайтында өткен дауыс беру нәтижелері бойынша Кеннеди клуб үшін ойнаған 100 үздік ойыншының арасында 28-ші орынға ие болды.
2021 жылы 30 қарашада қайтыс болдыRay Kennedy dead.
Жетістіктері «Арсенал» Жәрмеңкелер кубогының иегері: 1969/70 Бірінші дивизионның жеңімпазы: 1970/71 Англия кубогының иегері: 1970/71 «Ливерпуль» Бірінші дивизионның жеңімпазы (5): 1975/76, 1976/77, 1978/79, 1979/80, 1981/82 Еуропа чемпиондар кубогының иегері (3): 1976/77, 1977/78, 1980/81 УЕФА кубогының иегері: 1975/76 УЕФА Суперкубогының иегері: 1977 Англия Суперкубогының иегері (4) 1976, 1977, 1979, 1980 «Суонси Сити» Уэльс кубогының иегері: 1982/83
Дереккөздер
Сілтеме Ойыншының профилі — Liverbird.ru «Ливерпуль» ресми сайтындағы профилі Профилі мен статистикасы — LFCHistory.net
Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Суонси Сити ФК ойыншылары Санат:Хартлпул Юнайтед ФК ойыншылары