Қособа – Шошқакөл көлінің оңтүстік-батысындағы аласа тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Қарақасқа ауылының оңтүстік-шығысында 42 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 526 м. Батыстан шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі жайпақ, таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Батысында Тасшоқы, оңтүстігінде Шұбароба, солтүстігінде Қазығұрт таулары бар.
Өсімдігі Қиыршықтасты бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында қара жусан, көкпек, бұйырғын, шөлейт белдеміне бейімделген өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары