Қызыладыр – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы тау.

Географиялық орны Екібастұз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км, Майсор көлінің солтүстік-шығысында 15 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 317 м. Оңтүстік беткейі сай-жыралармен тілімденген. Батыс, солтүстік және шығыс беткейлері көлбеуленіп далаға ұласады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған тау массиві екі бөліктен тұрады. Жалпы ұзындығы 7,5 км, енді жері 2 км-ге жуық.

Өсімдігі Беткейлері мен етегінде арша, қараған бұталары аралас бетеге, боз, селеу өседі. Етегі мал жайлымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Екібастұз қалалық әкімдігі таулары