Серікқали Аманғалиұлы Брекешев (14 қазан 1972 жыл, Павлодар) — қазақстандық саясаткер, мұнайшы, 2026 жылдан бастап Kazenergy қауымдастығының төрағасы. Бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар министрі (2021–2023).
Өмірбаяны Білімі және мансабы Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында туған. Білімін 1995 жылы Атырау политехникалық институтында "Мұнай және газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша алды.
Мансабын 1995–1997 жылдары «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК бас директорының орынбасары ретінде бастады. Бұдан кейін 1997 жылы Ақтау қаласындағы Салық бөлімінде инспектор болып жұмыс істеді.
1997-1998 жылдары Серікқали Брекешев «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалындағы 8-ші разрядты инженер қызметінде болды.
1998–2006 жылдар аралығында «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері болып жұмыс істеген.
2007-2014 жылдары энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған.
2015-2020 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары болды.
2020 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
2021 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін — Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
2023 жылғы ақпаннан 2025 жылғы сәуірге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды.
2026 жылғы 27 шілдеде Kazenergy қауымдастығының төрағасы болып сайланды.Серікқали Брекешев KAZENERGY қауымдастығының жаңа төрағасы болып сайланды
Сілтемелер Серікқали Аманғалиұлы Брекешев
Санат:Қазақстан экология министрлері