Қызылжал – Жақсы Иманақ тауының солтүстік-батысындағы шоқы.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ынтымақ ауылының солтүстігінде 22 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 607 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созыған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу. Солтүстігінде Бұзылғанбекет қонысы, оңтүстік-батысында Ақтасты бөгені жатыр.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында қылқан селеу, бетеге, жусан, тобылғы, бұта аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары Санат:Шоқылар