Сатай – Шуылдақ өзенінің аңғарындағы төбе.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылының оңтүстік-шығысында 47 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 246 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 6 кмге созылған, енді жері 4 км. Жер бедері жонды-белесті келген. Солтүстігінде Алпысбай қыстауы, солтүстік-батысында Сарыоба төбесі бар.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында тобылғы аралас ши, бетеге, сұлыбас, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы таулары Санат:Төбелер