Сарыоба – Арқарлы тауларының шығысындағы төбелер.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданының оңтүстік-батысында орналасқан.
Жер бедері Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай доғаша созылып жатқан төбелер тізбегінің теңіз деңгейінен ең биік жері орта тұсында (800 м шамасында). Енсіз төбелер 20-22 км-ге созылған.
Өсімдігі Жатық беткейлерінің қиыршықтасты сұр топырағында ебелек, жусан, ши, баялыш, еркек шөп, қоянсүйек, т.б. шөптесіндер өскен. Таудың оңтүстігі мен батысында қыстаулар (Сарыоба, Нұрлан, Ақшора, т.б.) орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары