Сарыоба – Сарысу алабындағы Жезді бөгенінің батысындағы таулар.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданының орта тұсында, Жезқазған қалысынан оңтүстік-батысқа қарай 30–32 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биікігі 427 м. Бірнеше аласа таулардан тұратын тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылған, енді жері шамамен 3 км-ге жуық. Тау басы доғал, беткейлері енсіз жатық, сай-жыралармен тілімденген.

Өсімдігі Бекембетсай қонысында (таудың оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігінде) бұта шоғырлары кездеседі. Шөл даланың сұр, ақшыл сұр, сортаң топырақ жамылғысында жусан, ши, баялыш, еркек шөп, теріскен, т.б. шөптесіндер өскен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары