Қарашолақ – Талдықұм құмының шығысындағы төбе.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тұмалыкөл ауылының оңтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 326 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 11 км-ге созылған, енді жері 3,5 км. Батысында Иіркөл көлі, солтүстігінде Құмқұдық құдығы, оңтүстігінде Кережан шоқысы бар.
Өсімдігі Бозғылт сұр топырақ жамылғысында боз жусан, бұйырғын, күйреуік, шытыр, бұталар өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шалқар ауданы таулары Санат:Шоқылар