Сарғалдақ – Сарықұм құмының солтүстік-батысындағы аласа тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Балқаш қаласынан батысқа қарай 95 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 488 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 3 км. Беткейі көлбеу, солтүстігінде таудың түпкі жыныстары көрінеді. Солтүстігінде Ақбалшық, оңтүстігінде Мыңшұңқыр қоныстары, батысында Қосқопа, шығысында Жуантөбе таулары орналасқан.
Өсімдігі Сұр, қоңыр топырақ жамылғысында баялыш, көкпек, боз, қара жусан, сораң, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары