Қоңыршәулі – Тарбағатай жотасының батысындағы таулар.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1085 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылған, енді жері 12-13 км. Көлбеу беткейінде бірнеше шағын таулар орналасқан. Сай-жыралармен қатты тілімденген. Таудан Қарасу, Нарын, т.б. өзендердің салалары бастау алады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары