Сарымсақ – Ақирек тауларының оңтүстік-шығысындағы оқшау тау.

Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Көкдомбақ ауылынан батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 534 м. Аласа келген қалдық таудың ұзындығы мен ені 1,5-2 км шамасында. Төбесі доғал, беткейлері жатық келген.

Өсімдігі Сұр, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, қылқан боз, көде, т.б. шөптесіндер өскен. Таудың айналасында Кеңащы қыстауы, Тасқой жайлауы орналасқан. Шығыс етегімен Көкдомбақ - Қызылтұмсық жəне Теңдік - Қызылтұмсық елді мекендерін байланыстыратын қара жол өтеді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы таулары