Жантау ауданы () — Ресейдің Астрахан облысындағы әкімшілік-аумақтық бірлігі (аудан) және муниципалды құрылымы (муниципалды аймақ).

Әкімшілік орталығы — Жантау ауылы.

Географиясы Жантау ауданы батыста Қалмақстан Республикасымен шектесіп, онымен 2 бөлікке бөлінеді (Саған Аман ауылының аумағы).

Аудан солтүстігінде Ақтөбе және Черноярск аудандарымен, шығысында Қарабайлы, оңтүстігінде Нариман аудандарымен шектеседі.

Тарихы 1925 жылы Жантау уезінің болыстарынан – толығымен Жантау және Копановск, ішінара Владимировск және Ивановск болыстарынан Жантау ауданы құрылды. 1928 жылы маусымда аудан ірілендіріліп, (оған Замянов ауданының аумағы қосылды) Төменгі Еділ өлкесі Астрахан округінің құрамына кірді. 1930 жылы 30 шілдеде КСРО-ның көптеген басқа округтары сияқты Астрахан округі де таратылды. Оның аудандары Төменгі Еділ өлкесінің тікелей бағыныстылығына берілді. 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап Жантау ауданы Сталинград өлкесінің, 1936 жылдың 5 желтоқсанынан бастап — Сталинград облысының құрамына кірді. 1937 жылы 16 шілдеде Сталинград облысының құрамында Астрахан ауданы қайта құрылып, Жантау ауданы оған кіргізілді.

1943 жылы 27 желтоқсанда Жантау ауданы жаңадан құрылған Астрахан облысының құрамына енді. 1944 жылы 25 мамырда Жантау ауданы аумағының бір бөлігі жаңа Никол ауданына берілді. 1957 жылы 25 сәуірде аудан құрамына таратылған Никол ауданы енді.

2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астрахан облысының 2004 жылғы 6 тамыздағы № 43/2004-ОЗ ЗаңынаМуниципалды құрылымдардың шекараларын белгілеу және оларға ауылдық, қалалық кент, қалалық округ, муниципалды округ мәртебесін беру туралы Астрахан облысының 2004 жылғы 6 тамыздағы № 43/2004-ОЗ Заңы. сәйкес аудан құрамында 14 муниципалды құрылым (ауылдық кент) құрылды.

Тұрғындары 1939 1959 1970 1979 1989 2002 2003 2004 2005 28 631↘23 638↗26 591↗26 660↗29 093↘27 625↘27 500↗28 200→28 200 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014→28 200↘28 100→28 100↘28 027↘26 786↘26 785↘26 595↘26 397↘26 098 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021↘26 007↘25 851↘25 785↘25 405↘24 980↘24 749↘24 604

Ұлттық құрамы Халық 1939 жыл адамДемоскоп Weekly — Қосымша. Ресей империясының, КСРО-ның, 15 жаңа тәуелсіз мемлекеттердің халық санағы2010 жыл адам орыстар 26 144 (91,31%) 16 857 (62,93%) қазақтар 686 (2,4%) 5 921 (22,10%) шешендер

1 533 (5,72%) кәрістер

580 (2,17%) қалмақтар 1 356 (4,74%) 578 (2,16%) даргиндер

271 (1,01%) татарлар 55 (0,2%) 129 (0,48%) аварлар

118 (0,44%) украиндар 118 (0,41%)

басқалары 272Дереккөзде 1356 деп көрсетілген, арифметикалық қате жіберілгені анық (0,95%) 610 (2,28%) көрсетпегендер

189 (0,71%) Барлығы 28 631 (100,00%) 26 786 (100,00%)

Әкімшілік бөлінісі Жантау ауданы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 14 ауылдық кеңесті қамтиды.

Жантау ауданы муниципалды аудан мәртебесі бар муниципалды құрылым ретінде ауылдық қоныс мәртебесі бар 14 муниципалды құрылымды қамтиды:

Елді мекендері Жантау ауданында 27 елді мекен бар.

Дереккөздер

Санат:Астрахан облысы Жантау ауданы