Мәскеу ауданы — 1972-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Корнеевка ауылы.
Тарихы Мәскеу ауданы Солтүстік Қазақстан облысы құрамында 1972 жылы 10 наурызда құрылды. Корнеевка ауылы аудан орталығы болып, құрамына Ленин ауданынан Бесқұдық, Бұлақ, Волошин, Заградов, Корнеев, Тораңғыл, Яснов ауылдық кеңестері берілді.
1976 жылы 3 шілдеде орталығы Новоузенка ауылында құрылған ауылдық кеңеске 20 шілдеде Новоузен ауылдық кеңесі атауы берілді.
1986 жылғы мәлімет бойынша ауданда 8 ауылдық кеңес болған: Бесқұдық, Бұлақ, Волошин, Заградов, Корнеев, Новоузен, Тораңғыл, Яснов.Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі
1994 жылы 12 қаңтарда бұрынғы ауылдық кеңестер шекарасында ауылдық округтер құрылды. Сол жылы 1 наурызда Горнов ауылдық округі (орталығы Горное а.) құрылды.
1997 жылы 12 ақпанда Горнов ауылдық округі Заградов ауылдық округіне, Новоузен ауылдық округі Корнеев ауылдық округіне қосылды.Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының тарихы бойынша анықтама (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2007 ж.)
1997 жылы 18 сәуірде Мәскеу ауданы таратылып, аумағы Ленин ауданының құрамына қосылды.Солтүстiк Қазақстан облысының Москва және Соколов аудандарын тарату, Бескөл және Ленин аудандарын қайта атау туралы
Халқы 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 19298 19389
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның 1997 жылы таратылған аудандары