Тәжікстан туы () — Тәжікстан Республикасының мемлекеттік рәмізі. Ол 1992 жылы қараша айында қабылданды, және орталығында алтын тәж салынған үш түсті триколор болып келеді.Тәжікстан туы (орысша) Advantour

Тәжік туының түстері мен 1:2 пропорциясы Тәжік КСР туымен бірдей. Байрақ күні оның қабылданған күнінде, 24 қараша күні тойланады.Тәжікстанда Мемлекеттік ту күні тойланып жатыр (орысша) Үлвия Амуева. 24.11.2021

Дизайны Тәжікстан туы қызыл, ақ және жасыл түстерінің триколоры болып келеді. Түстердің мағынасы жайлы көптеген түрлі теориялар бар, көбісі тарихи мағыналарға сүйеніп жазылған. Тәжікстан туының түстері оның ізашары, Тәжік КСР туының түстеріне ұқсас.

Бір теория бойынша, қызыл түсі бостандық пен тәуелсіздікті білдіреді; ақ түсі бейбітшілік пен тыныштықты және жасыл түсі молшылықты және дамуды білдіреді. Оған қоса Тәжікстанда жасыл түсімен табиғатты, Ислам дінін және Наурыз мейрамын байланыстырады. Түстердің халықтың иерархиясын білдіреді деген тұжырымдама да бар; бұл теория бойынша қызыл еңбек істейтін халықты, ақ түсі интеллектуалды жұмысшыларды және жасыл түсі ауыл шаруашылығымен айналысатындарды білдіреді.«Вексиллография» сайты: Тәжікстан Республикасы мемлекеттік туы

Жасыл мен қызыл жолақшалары аумағы бойынша тең болғанымен, ортадағы ақ жолақ олардан бір-жарым рет үлкенірек.

Тудың үш түсін тағы Иран туында да табуға болады; бұл екі халықтың тарихи, лингвистикалық және этностық жақындығын көрсетеді. солға|нобай|Тәжік туында бейнеленген тәж бен 7 жұлдыз Триколордың ортасында алтын тәж бейнеленген. Тәж Саманид мемлекетін және тәжік халқын білдіреді, өйткені "тәжік" этнонимы парсы тілінің "тадж" ("тәж") сөзінен шыққан. Тәждің үстінде 7 жұлдыз орналасқан, өйткені бұл санның тәжік мифологиясында рөлі үлкен, ол бақыт пен мінсіздікті білдіреді.

30x30 нүкте(1992–қазір)АқҚызылСарыЖасылPantoneSafe3546c7406c2273cCMYK0-0-0-00-100-100-200-21-100-3100-0-100-60RGB255-255-255205-0-0248-196-00-102-0Hexadecimal#FFFFFF#CD0000#F8C400#006600

Президенттік штандарт Тәжікстан президентінің өзінің ресми штандарты тұңғыш рет 2006 жылы, Эмомали Раһмонның 3-ші қайта сайлану рәсімінде қолданылды. Ол тәжік триколорын қолданғанымен, ортасында Деравш Кавиани, сасанидтердің патшалық оюы бейнеленген. Оюдың ішінде көк аспандағы алтын арыстан салынған. Оюдың төрт бұрышында төрт регионды белгілейтін төрт жұлдыз орналастырылған.«Тәжікстан Республикасының Президентінің символдары» Тәжікстан заңы. 28 шілде 2006. №192. Мұрағатталған нұсқасы 25 қазан 2007

Штандарттың ортасында Тәжікстан елтаңбасында бұрын қолданылған символиканы байқауға болады.

Тарихи тулары Кеңес одағының билігінен бұрын Тәжікстанның және тәжік халқының тулары болмаған.

1929 жылы тәжіктердің тұңғыш туы қабылданды. Бұдан бұрын Тәжік КСР Бұхара Халық Кеңес Республикасының бөлшегі еді; Қазан төңкерісінен бұрын ол Бұхара әмірлігінің құрамында еді.

100x100 нүкте23 ақпан 1929 – сәуір 1929Тәжік АКСР тұңғыш туы23 ақпан 1929 күні қабылданды. Үстіңгі сол жақтағы бұрышында елтаңбасы орналасқанжиекті|100x100 нүктесәуір 1929 – 24 ақпан 1931Тәжік АКСР туыжиекті|100x100 нүкте24 ақпан 1931 – 04 шілде 1935Тәжік КСР туыЛатын әліпбиінде «ç.i.ş.toç» жазылғанжиекті|100x100 нүкте04 шілде 1935 – 26 мамыр 1936Тәжік КСР туыЛатын әліпбиінде «ÇSS Tocikiston» жазылғанжиекті|100x100 нүкте26 қыркүйек 1936 – 1938Тәжік КСР туыЛатын және Кирил әліпбилеріжиекті|100x100 нүкте1938 – 28 қыркүйек 1940Тәжік КСР туыЛатын (RSS Tocikiston) және Кирил әліпбилеріжиекті|100x100 нүкте28 қыркүйек 1940 – 1953Тәжік КСР туыКириллица ғана, тәжік (РСС Тоҷикистон) және орыс тілінде (Таджикская ССР).жиекті|100x100 нүкте20 сәуір 1953 – 9 қыркүйек 1991Тәжік КСР туыЖазусыз дизайнжиекті|100x100 нүктежиекті|100x100 нүкте20 сәуір 1953 – 24 қараша 1992 (артқы жағы)10 қыркүйек 1991 – 24 қараша 1992Тәжік КСР соңғы туыСоңғы қолданылған нұсқасы

Гиннесс рекордтар кітабында оңға|нобай 2011 жылы қыркүйек айында Тәжікстан туы Гиннесс рекордтар кітабына енді. Тәуелсіздіктің 20-жылдық мерейтойында Тәжікстан туы Душанбедегі биіктігі 165 м флагштокқа ілінді. Алдыңғы рекорд Әзірбайжанның 162 метр флагштогында еді. Душанбе флагштогы рекордты 2014 жылға дейін иеленді, қазіргі рекорд иеленушісі — Сауд Арабиясының Жидда қаласының 171 м флагштогы.

Дереккөздер

Санат:Тәжікстан мемлекеттік рәміздері Санат:Тулар Санат:Мемлекеттік тулар