Сердар Құрбанқұлыұлы Бердімұхамедов (, 22 шілде 1981 жыл, Ашхабад) — түрікменстандық мемлекеттік және саяси қайраткер, 2022 жылғы 19 наурыздан бері Түрікменстанның 3-президенті.

Әкесі Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың президенттігі кезінде бірнеше мемлекеттік қызметтерде болған. Демократиялық емес болып саналатын 2022 жылғы президент сайлауында 73 пайыз жинаған Сердар әкесінің 15 жылға созылған авторитарлық диктатурасын жалғастырды.

Өмірбаяны Сердар Бердімұхамедов Ашхабадта, 1981 жылғы 22 қыркүйекте дүниеге келді. 2001–2003 жылдары әскерге қатысты. 2003 жылдан 2008 жылға дейін азық-түлік өнімдерін өңдеу қауымдастығының жеміс-көкөніс бөлімінде және алкогольсіз сыра және шарап бөлімінде жұмыс істеді. Дәл сол жылдары диктатор Сапармұрат Ниязов қайтыс болады да, әкесі президенттік сайлауда жеңіске жетеді.

2008–2011 жылдар аралығында Бердімұхамедов Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында білім алып, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша диплом алды. Бұл кездерде Мәскеудегі Түрікменстан елшілігіне де елшіліктің кеңесшісі болып тағайындалды. 2011–2013 жылдар аралығында ол Женева қауіпсіздік саясаты орталығында оқып, еуропалық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша аспирантура дәрежесін алды. Ол бір мезгілде Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Түрікмен миссиясына елшіліктің кеңесшісі болып тағайындалды.

2013 жылғ тамыздан желтоқсанға дейін Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің Еуропалық департаментінің басшысы қызметін атқарған. 2013–2016 жылдары Көмірсутек ресурстарын пайдалану мемлекеттік агенттігі директорының орынбасары болды. 2016–2017 жылдары Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің халықаралық ақпарат департаментінің төрағасы болды.

2014 жылғы 18 тамызда Сердар Бердімұхамедов Түрікменстан Ғылым академиясында ғылым кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2015 жылдың шілде айында техника ғылымдарының докторы атағы берілді.

Саяси мансабы 2016 жылғы қарашада Бердімұхамедов Ахал уәлаяты Душак қаласынан Мәжілісте мандатқа ие болды. 2018 жылғы наурызда ол өз округінде 90%-дан астам дауыс жинап, Түркіменстан Мәжілісінің депутаты болып қайта сайланды. 2017 жылғы наурыздан бастап заңнама және нормалар жөніндегі комитетті басқарды.

Бердімұхамедов 2018 жылғы наурызда сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғаннан кейін әлем назарында болды. 2019 жылғы қаңтарда Бердімұхамедов түрікмен элитасының көпшілігі тұратын Ахал уәлаяты хәкімінің орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2019 жылғы маусымда Бердімұхамедов Ахал уәлаятының хәкімі болып тағайындалды. 2020 жылғы ақпанда Бердімұхамедов Түрікменстанның өнеркәсіп және құрылыс материалдары министрі болып тағайындалды.

Әкесінің президенттілігінен кеткендегі президенттік сайлауға Түрікменстан Демократиялық партиясының атынан қатысып, 72,97% дауыс жинады.

Сын Сердар Бердімұхамедов непотизм арқылы ғана өз елінде мемлекеттік қызметтерге қол жеткізген. Оны біз Құрбанқұлының президенттілігінің басталған салысымен Сердардың саяси мансабының басталуынан байқай аламыз.

Сердардың президенттілігі әкесінің президенттілігіне ұқсас авторитар диктатура болып сипатталады.

Сердар Бердімұхамедовтың өзінің харизмасыздығы үшін сынға алынады. Бақылаушылар оның табиғи емес, тыныш дауысы және құлаққа үшін жағымсыз, әрең естілетін және монотонды сөйлеу мәнері бар екенін атап өтеді.

Сердардың тұңғыш реформаларының ішінде әйел құқығының шектелуі болды. Әлем назарына түскен заңдар ішінде косметика қолдану, туысы емес еркектермен көлікте жүру, пластикалық операциялар жасауға тыйым салу және тағы басқа сынға алынған жаңа ережелер қабылданды.

Жеке өмірі Бердімұхамедов үйленген, төрт баласы бар. Анасы Ұлкерек мұғалім болған. Сердардың екі әпке/қарындасы бар, екеуі де үйленген, Лондон мен Дубайдағы дипломатиялық жұмыспен айналысуда. Ресейде болған сыныптасы оны тыныш және ұстамды мінезі бар деп сипаттады.

Бердімұхамедов түрікменше, орысша және ағылшынша сөйлей алады.

Марапаттары

Түрікмен марапаттары

Отанға деген сүйіспеншілігі үшін медалі () "Мәлікқұлы Бердімұхамедов" медалі Түрікменстан тәуелсіздігіне 25 жыл медалі () Түрікменстан бейтапартығына 25 жыл медалі ()

Шетелдік марапаттар

– Достық ордені (2022)Вручение ордена Дружбы Президенту Туркменистана Сердару Бердымухамедову (орысша) Ресми Кремль сайты. 2022 жыл 10 маусым. Татарстан — «Татар Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуына 100 жыл» медалі (2021)Сердар Бердымухамедов удостоен государственной награды Республики Татарстан РФ (орысша) (түрікменше) (ағылшынша) turkmenportal.

Атақтары

«Түрікменстанның еңбек сіңірген ит өсірушісі» () (2021) «Түрікменстанның Отан Қорғаушысы» ()

Дереккөздер

Санат:Түрікменстан саясаткерлері Санат:Ахал уәлаятының әкімдері Санат:Түрікменстан Мәжілісі депутаттары Санат:Қазіргі мемлекет басшылары Санат:Түрікменстан президенттері