Тәнзилә Камалқызы Нәрбаева (; 24 шілде 1957 жыл, Шаһрихан ауданы, Әндіжан облысы) — өзбекстандық саясаткер, 2019 жылдан бергі Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрайымы.Танзила Нарбаева стала председателем Сената Олий Мажлиса Узбекистана
Танзила Нарбаева Сенат төрайымдығына дейін 2016–2019 жылдар аралығында премьер-министрдің орынбасары, 2016–2019 жылдары Әйелдер комитетінің төрайымы болған. Саясатқа келгенге дейін Ташкентте мұғалім болып жұмыс істеген. 2011 жылдан бастап Өзбекстан Велосипед спорты Федерациясының төрайымы.
Өмірбаяны Танзила Камалқызы Нарбаева Әндіжан облысының Шаһрихан ауданында 1957 жылы, 24 шілде күні дүниеге келді.
1981 жылы Ташкент Университетін (қазіргі Өзбекстан Ұлттық Университеті) бітірді. Социология ғылымдарының докторы.
1975–1991 жылдары Ташкент қаласында мұғалім, мектеп директоры орынбасары, Оқушылар Сарайы директоры болып жұмыс істеді..
Өзбекстан Халық Демократиялық партиясы аудандық кеңесінің хатшысы, сонымен қатар осы партияның Орталық кеңесінде сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1995–2010 жылдары еңбек қызметін Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінде жалғастырды.
2010 жылдың 21 желтоқсанынан 2016 жылдың 20 желтоқсанына дейін Өзбекстан кәсіподақтар федерациясы кеңесінің төрайымы қызметін атқарды.
2016 жылы желтоқсанда ол кезектен тыс президенттік сайлаудан кейін құрылған үкіметте Өзбекстан әйелдер комитетінің төрайымы — Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары болып сайланды және тағайындалды.
2019 жылдың 20 маусымында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жарлығымен Олий Мәжіліс Сенатының құрамына тағайындалды. Келесі күні, 21 маусымда президенттің ұсынысымен Танзила Нарбаева парламенттің жоғарғы палатасының төрайымы болып сайланды. Нарбаева осы лауазымдағы тұңғыш әйел болды.
2019 жылы 22 желтоқсанда халық депутаттары Ташкент қалалық кеңесіне өткен сайлауда Танзила Нарбаева жеңіске жетті.
2020 жылдың 17 қаңтарында Ташкент қаласынан сенатор болып сайланды.
2020 жылдың 20 қаңтарында ол Олий Мәжіліс Сенатының төрайымы қызметіне қайта сайланды.
Жеке өмірі Танзила Нарбаева үйленген, екі баласы бар, немерелі.
Марапаттары
Өзбекстан
«Шуһрат» медалі (25 тамыз, 2000 жыл)УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА УЗБЕКИСТАНА «Меһнат Шуһрати» медалі (25 тамыз, 2010 жыл)УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА УЗБЕКИСТАНА «Фидокорона хизматлари учун» ордені (2016)
Ресей
Достық ордені (4 наурыз, 2022 жыл)УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ
Басқалары
Өзбекстан Ұлттық Ақпарат Агенттігінің конкурсы жеңімпазы «Жыл таңдауы – 2019», «Ең белсенді саясаткер — Өзбекстан Жыл адамы»Танзила Нарбаева признана Человеком Года Газета.uz
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан саясаткерлері Санат:Саясаттағы Өзбекстан әйелдері