Әнеу () — қала, Түрікменстандағы Ақбидай атырабы мен Ахал уәлаятының әкімшілік орталығы, Ашхабад қаласының маңы.
Ашхабадтан 8 км қашықтықта, онымен М37 тасжолы арқылы байланысады.
Атауы Әнеу атауының парсы түбірлері бар («жаңа су» дегенді білдіретін «аб-и нау» (آب نو) сөзінен шыққан). Тарихы Қала орнында адамның алғашқы іздері б.з.б. V мыңжылдыққа жатады. Кеңес дәуірінде 9332 тұрғыны бар кент (1989), Түрікмен КСР-і Ашхабад ауданының әкімшілік орталығы болған. Қаланың атыраптағы мәртебесі 2008 жылы 3 ақпанда берілдіТүрікменстанның халық мәслихаты Түрікменстанның кейбір қалалары мен елді мекендерінің мәртебесін өзгерту туралы қаулы қабылдады. «Түрікменстан: алтын ғасыр» .
Инфрақұрылымы 2003 жылы Әнеуде жаңа стадион, 2005 жылы «Ақбидай» ұлттық бидай мұражайы бой көтерді.
Археология «Ақбидай» бидай мұражайында көптеген көне жәдігерлер сақталған. Атап айтқанда, 1904 жылы табылған 5000 жылдық бидай дәндері, сонымен қатар: құнарлылық құдайшалардың мүсіндері (Намазғатепе, б.з.б. IV мыңжылдық), қол диірмен тастары, жебе ұшы және қола пышақ (б.з.б. III-II мыңжылдық), қола кетпен және тас дақылүккіштер (б.з.б. II мыңжылдық), монохромды және полихромды суреттері бар керамикалық ыдыстардың фрагменттері, күнжіт тұқымынан май сығуға арналған май піскіш.
Дереккөздер
Санат:Түрікменстан қалалары Санат:1973 жылы құрылған елді мекендер Санат:Ахал уәлаяты