Мұқырадыр – Сарыадыр тауларының оңтүстік-батыс бөлігіндегі аласа тау.

Географиялық орны Қостанай облысы Амангелді ауданы Степняк ауылының оңтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 198 м. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай доға тәрізді 18 км-ге созылған, енді жері 5–6 км. Беткейі жонды-адырлы, сай-жыралармен тілімденген.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, көкпек шөп өскен құрғақ дала ландшафтысы қалыптасқан. Тау етегіне жақын Үшқамыс қыстауы бар.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Амангелді ауданы таулары