КСРО МҚК бірінші бас басқармасы () — Кеңес Одағының Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің сыртқы барлау қызметіне жауапты құрылымдық бөлімшесі. Ол 1954 жылдың наурызынан 1991 жылдың қарашасына дейін жұмыс істеді, 1920 жылы 20 желтоқсанда құрылған РКФСР ІІХК қарамағындағы БТК Шетел бөлімінің / РКФСР ІІХК МСБ ШЕБ / КСРО ХКК қарамағындағы БМСБ, КСРО ІІХК МҚББ мұрагері.

Мемлекеттік қауіпсіздіктің ресейлік және кеңестік барлау органдарының тарихы «Кеңес республикасынан тыс жерде қоныстанған көптеген жауларының жоспарлары мен ниеттері туралы сенімді ақпараттың болмауы басшылықты, ең алдымен, көктемде 1920 жылы БТК арнайы бөліміндегі жаңа бөлімше – Шетел бөлімі пайда болуын алдын ала анықтаған сыртқы саясат саласында дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігінен айырды.» деп тарих ғылымдарының кандидаты В. Лебедев жазады.

Польшамен соғыста жеңілгеннен кейін РК(б)П ОК саяси бюросы сыртқы барлауды қайта құру туралы шешім қабылдады: БТК бірінші басшысы Ф.Е. Дзержинскийдің төрағалығымен комиссия құрылып, оның қорытындысы бойынша 1920 жылы 20 желтоқсанда БТК шетел бөлімін құру туралы №169 тарихи бұйрыққа қол қойды.

БТК/РКФСР ІІХК/КСРО ШЕБ Хроникасы 1920 жыл 20 желтоқсан — РКФСР ІІХК қарамағындағы БТК Шетел бөлімі (ШЕБ) ұйымдастырылды. Оны Давыдов (Давтян) Яков Христофорович басқарды. 1922 жыл 6 ақпан — БТК ШЕБ басқаша, РКФСР ІІХК МСБ ШЕБ болып өзгертілді және ІІХК қарамағындағы Мемлекеттік саяси басқармасындағы Құпия-жедел басқармасының құрамына кірді. 1923 жыл 2 қараша — Халық комиссарлар кеңесі (ХКК) қарамағындағы Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының (БМСБ) Шетел бөлімі, кейін КСРО ІІХК Мемлекеттік қауіпсіздік бас басқармасының Шетел бөлімі ретінде құрылды.

Атқарымдары мен бөлімшелері ШЕБ міндеті «шетел мемлекеттерінің аумағында елге қарсы зиянкестік іс-әрекеттер жүргізетін контрреволюциялық ұйымдарды анықтау» болды. Іс-әрекеттерінің аясына ақ гвардияшылар ұйымдары, ресейлік эмигранттар және сол сияқтылар кірді, сондықтан кейіннен бұл жұмысты сыртқы қарсы барлау жүргізді. Қарсы барлау сипатындағы міндеттерге сондай-ақ бастапқыда ШЕБ-ке тапсырылған «жұмыстың барлық бағыттары бойынша құжаттық материалдарды, оның ішінде контрреволюциялық топтардың жетекшілеріне де, тұтас ұйымдарға да ымыраға келу үшін пайдаланылуы мүмкін материалдарды алу», «үкімет пен әскери, саяси және экономикалық тыңшылықпен айналысатын жеке ұйымдарды анықтау», сондай-ақ «шетелдегі кеңестік мекемелер мен азаматтарға қарсы барлаумен қамтамасыз ету».

Барлаудық нақты міндеті «халықаралық саясаттың негізгі мәселелері бойынша әрбір мемлекет пен оның үкіметінің саяси бағытын қамту, олардың Ресейге деген ниетін анықтау, экономикалық жағдайы туралы ақпарат алу» болды.

Бірінші кезеңде орталық барлау аппаратында дипломатиялық немесе сауда өкілдіктерінің бүркемесінде екі-төрт қызметкер істеген шетелдегі резиденцияларды («барлау аппараттары») басқарып, алты секторға бөлінген жетпіске жуық адам жұмыс істеді.

Солтүстік сектор Балтық және Скандинавия елдерімен айналысты; Польша секторы (1920 жылдары Кеңес-Польша соғысының сәтті аяқталғаннан кейін Речпосполитаның кеудемсоқтығын сезінген Польша №1 ықтимал жау деп саналды); Орталық Еуропа секторы Берлин мен Лондондағы резиденциялар арқылы ескі Еуропамен айналысты; Оңтүстік Еуропа мен Балқан елдерінің секторы ірі ақ эмиграциялық диаспоралар орналасқан елдерде жұмыс істеді; Шығыс бөлімі Түркия мен Ираннан Жапония мен Қытайға дейінгі орасан зор аумақты бақылауға тырысты; Америкалық бөлім Нью-Йорк пен Монреалда резиденциялары болды.

1930 жылы БМСБ ШЕБ штаты 122 адамға дейін өсті, оның жартысы шетелде жұмыс істеді.

Осы уақытқа дейін кеңестік барлау қызметінің міндеттері мен бағыттары айтарлықтай түзетілді.

Біріншіден, барлау қызметінің ең үлкен қызығушылық танытатын бағыттары нақты анықталды: Англия, Франция, Германия, Польша, Румыния және Жапония, солтүстік-батыста – «лимитрофтар» (үш Балтық елдері және Финляндия).

Екіншіден, барлау қызметінің алдына жаңа, стратегиялық міндеттер қойылды: «Англия, Германия, Франция, Польша, Румыния, Жапония жетекші топтары әзірлеген басқыншылық жоспарларды ашып көрсету және бұл жоспарларды жүзеге асыру мерзімдерін нақтылау»; «Тізімде көрсетілген елдердің жетекші топтарының мемлекетті қаржылық-экономикалық блокадаға салу жоспарларын әшкерелеу»; «көрсетілген елдер арасындағы құпия әскери-саяси келісімдер мен шарттар бойынша құжаттарды алу»; «елге сала үшін әдеттегі жолмен алынбайтын өнертабыстар, конструкторлық және өндірістік сызбалар мен сұлбалар, техникалық жаңалықтар туралы ақпарат алу».

Америкалық барлау зерттеушісі С.Кент атап көрсеткендей, «Стратегиялық барлау біздің еліміздің сыртқы саясаты соғыс уақытында да, бейбіт уақытта да негізделуі тиіс білім береді». ШЕБ ақпараты кеңес басшылығына маңызды сыртқы саяси шешімдер қабылдауға көмектесті.

Сыртқы барлау қызметі Хроникасы 1934 жылғы 10 шілде — сыртқы барлау КСРО ІІХК Мемлекеттік қауіпсіздік бас басқармасының (МҚББ) 7-бөліміне берілді. 1938 жылы 9 маусымда сыртқы барлау қызметі КСРО ІІХК Бірінші басқармасының 5-бөліміне берілді. 1938 жылы 29 қыркүйекте қайта құрудан кейін 5-бөлім КСРО ІІХК Мемлекеттік қауіпсіздік бас басқармасына берілді. 1941 ж. ақпан — сыртқы барлау жұмыстарын жүргізу жүктелген КСРО МҚХК 1-басқармасы құрылды. 1943 ж. сәуір — барлау КСРО МҚХК 1-басқармасында шоғырланды. 1946 ж. наурыз — сыртқы барлаумен айналысатын КСРО МҚМ 1-басқармасы құрылды. 1947 ж. — сыртқы саяси және әскери барлауды біріктіретін КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы Ақпараттық Комитетті (АК) құру туралы шешім қабылданды. 1949 ж. ақпан — КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы АК Сыртқы істер министрлігі қарамағындағы АК болып қайта құрылды. 1952 жылдың қаңтарында КСРО МҚМ Бірінші Бас басқармасы (БББ) құрылды. 1953 ж. наурыз — МҚМ БББ қайта КСРО ІІМ 2-Бас басқармасы болып құрылды. 1954 ж. наурыз — сыртқы барлау КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Бірінші бас басқармасына (БББ) бекітілді. 1978 ж. шілде — КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК БББ — КСРО МҚК БББ деп өзгертілді. 1991 жылы 25 қарашада КСРО Президенті Михаил Горбачевтің жарлығымен уақытша «КСРО ОБҚ туралы ереже» бекітілді, онда КСРО Орталық барлау қызметінің, оның директорының, қызметкерлердің мәртебесі және оның қызметінің басқа да мәселелері түгенделді. 1991 жылы 3 желтоқсанда КСРО МҚК-нің Республикааралық қауіпсіздік қызметіне, Орталық барлау қызметіне және КСРО Мемлекеттік шекарасын қорғау комитетіне бөлінуі КСРО-ның соңғы - «Мемлекеттік қауіпсіздік органдарын қайта құру туралы» Заңымен бекітілді. 1991 жылы желтоқсанда КСРО ыдырағаннан кейін КСРО ОБҚ қайта РКФСР сыртқы барлау қызметі болып құрылды.

Көптеген ресейлік саясаткерлер КСРО МҚК БББ қызмет етті, олардың ішінде Владимир Путин, Сергей Иванов, Сергей Нарышкин, Владимир Якунин бар.

КСРО МҚК БББ шартты атауы 54282 ә/б болды.

Кадрларды дайындау 1920-1930 жылдары М.В.Фрунзе атындағы ЖШҚӘ Шығыс академиясының Шығыс факультетінде кадр даярлау жүргізілді.

1938 жылы мекемелік оқу орны — ІІХК арнайы мақсаттағы мектеп пайда болды.

Құрылымы Басқармалары «Р» басқармасы (жедел жоспарлау және талдау) «К» басқармасы (қарсы барлау) «С» басқармасы (заңсыздар) «ОТ» басқармасы (жедел-техникалық) «И» басқармасы (компьютерлік қызмет) «Т» басқармасы (ғылыми-техникалық барлау) Ақпаратты барлау басқармасы (талдау және бағалау) «РТ» басқармасы (КСРО аумағындағы операциялар)

Қызметтері А қызметі (белсенді іс-шаралар) Р қызметі (радио байланыс) МҚК сегізінші басқармасының А қызметі (шифрлау қызметі)

Бөлімдері 1991 жылға қарай: 1-бөлім (АҚШ, Канада) 2-бөлім (Латын Америкасы) 3-бөлім (Ұлыбритания, Скандинавия, Аустралия, Жаңа Зеландия) 4-бөлім (Германия, Аустрия) 5-бөлім (Батыс Еуропа) 6-бөлім (Қытай, Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Корея) 7-бөлім (Тайланд, Индонезия, Жапония, Малайзия, Сингапур, Филиппиндер) 8-бөлім (Орталық Шығыс) 9-бөлім (Африканың ағылшынша сөйлейтін елдері) 10-бөлім (Африканың французша сөйлейтін елдері) 11-бөлім (социалистік елдермен байланыс) 12-бөлім (экономикалық барлау) 15-бөлім (тіркеу және мұрағаттар) 16-бөлім (радиоэлектрондық барлау) 17-бөлім (Үндістан, Шри-Ланка, Пәкістан, Непал, Бангладеш, Бирма) 18-бөлім (Таяу Шығыс) 19-бөлім (эмиграция) 20-бөлім (достас дамушы елдердің қауіпсіздік органдарымен байланыстар)

Мақсаттары МҚК БББ міндеттері 1974 жылы бекітілген «Барлау доктринасында» былайша анықталды: Әлемнің екі қарсылас лагерге бөлінуі жағдайында, жауда қару-жарақтың болуы, жаппай қырып-жою, ядролық зымыран соғысында тосын фактордың күрт артуы жағдайында барлау қызметінің негізгі міндеті – КСРО-ға қарсы тұрған мемлекеттердің әскери-стратегиялық жоспарларын анықтау, үкіметті жақын арада болатын дағдарыстық жағдайлар туралы дер кезінде ескерту және Кеңес Одағына немесе одақтастық келісімдер бойынша КСРО-мен байланысты елдерге кенет шабуылдардың алдын алу болып табылады.

Осы тапсырманы басшылыққа ала отырып, МҚК барлауы өз күштерін халықаралық қақтығыстарға әкелуі мүмкін және оқиғалардың қолайсыз дамуы кезінде болашақта қысқа және ұзақ мерзімді Кеңес мемлекеті мен жалпы социалистік қоғамдастық үшін тікелей қауіп төндіретін басты мәселелерді шешуге бағыттайды. Ол, ең алдымен, әлемдік аренадағы күштердің ағымдағы тепе-теңдігі тәуелді факторларды, сондай-ақ қалыптасқан тепе-теңдіктегі мүмкін болатын түбегейлі өзгерістерді ескереді. Оларға, атап айтқанда жатады:

— АҚШ-та КСРО-ға қарсы алдын ала зымырандық соққы беруге бейім аса агрессияшыл топтар өкілдері басым болатын жаңа саяси жағдайдың пайда болуы;

— кекшілдік және ұлы державалық ұмтылыстармен қуатталған ГФР немесе Жапонияда ұқсас жағдайдың пайда болуы;

— авантюристік, солшыл көзқарастардың өте дамуы, соның салдарынан жекелеген мемлекеттер немесе мемлекеттер топтары қалыптасқан күштердің арақатынасын өзгерту мақсатында дүниежүзілік соғысты тудыруы мүмкін;

— империалистік күштердің әртүрлі формадағы социалистік қауымдастықты бөлшектеуге, одан жекелеген елдерді оқшаулауға және бөлуге тырысуы;

— жекелеген стратегиялық маңызды аймақтар мен елдерде әскери-саяси сипаттағы дағдарыстық жағдайлардың туындауы, дами келе қалыптасқан тепе-теңдікке қатер төндіруі немесе ұлы державаларды болашақта дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкін тікелей қарсыласуға итермелеуі ықтимал; шекаралас және көршілес социалистік емес елдерде ұқсас жағдайдың дамуы;

— жауды әскери әлеует пен соғыс құралдары бойынша айқын басымдықпен қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық ойдың дамуындағы сапалы жаңа секіріс.

КОКП ОК мен Кеңес үкіметінің нұсқауы бойынша нұсқаулықтарға сәйкес әрекет ете отырып, МҚК-ның сыртқы барлауы бір мезгілде келесі негізгі міндеттерді шешеді:

Әскери-саяси салада:

— негізгі империалистік мемлекеттердің, бірінші кезекте АҚШ-тың, оның агрессияшыл блоктардағы одақтастарының, сондай-ақ Мао Цзэдун тобының және басқа социалистік елдердің Кеңес Одағына қатысты саяси, әскери-саяси және экономикалық жоспарлары мен ниеттерін, әсіресе ұзақ мерзімді жоспарларын дер кезінде анықтайды;

— социалистік қауымдастықты әлсіретуге және оның бірлігін бұзуға бағытталған жаудың жоспарларын ашып көрсетеді;

— империалистік агенттердің, антисоциалистік, кекшілдік және ұлтшыл элементтердің іс-әрекетіне ерекше назар аудара отырып, социалистік елдердегі саяси жағдайды жүйелі түрде зерттейді. Социалистік мемлекеттердің қауіпсіздік органдарымен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайтады;

— жаудың коммунистік, жұмысшы және ұлт-азаттық қозғалыстарына қарсы күрес жоспарлары туралы ақпарат алады;

— Кеңес Одағына іргелес жатқан социалистік емес мемлекеттердегі жағдайды, олардың сыртқы саясатын, олардың антикеңестік қастандық жасау әрекеттерін немесе КСРО-ға дұшпандық әрекеттер жасауын бақылайды;

— басты қарсылас елдерінің ішкі саяси, әскери және экономикалық жағдайының астыртын жақтарын, қалыптасқан және енді туындап келе жатқан ішкі және халықаралық қайшылықтар, әскери-саяси блоктардағы, экономикалық топтардағы жағдай туралы құпия ақпаратты және басқа да қажетті кеңестік сыртқы саясатты әзірлеу және жүзеге асыру үшін мәліметтерді алады;