Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев (29 қыркүйек 1954 жыл, Луговой ауданы, Жамбыл облысы) — қазақстандық саясаткер, ғалым агроном, 2023 жылдан бері Қазақстан Мәжілісі VIII шақырылымының депутаты және Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы.
Дайрабаев бұрын Қазақстан Жоғарғы Кеңесі XII шақырылымының депутаты (1990–1995) болған және 2022 жылы Қазақстан президент сайлауындағы үміткерлердің бірі болды.
2023 жылғы 6 сәуірде екі ұлы, Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұның нәтижесінде Жигули Дайрабаев жанжалға ұшырады, бірақ депутаттығынан айырылған жоқ. Жигули Дайрабаев оларды кінәлі деп мойындамады.
Өмірбаяны Жигули Дайрабаев 1954 жылғы 29 қазаннда дүниеге келді. Шопан көмекшісі және жүргізуші болған Жигули мансабын 1974–1977 жылдары Луговой ауданы «Путь к коммунизму» (орысшадан «Коммунизмге жол») ұжымшары комсомол комитетінің хатшысы болып бастады. Кейінірек ол Луговой ауданының «Путь к коммунизму» ұжымшары кәсіподақ комитетінің төрағасы лауазымын 1977–1980 жыл аралығында иеленді. Төрағалығын тоқтатқан жылы Жигули Дайрабаев Каменск ауылдық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұдан кейін ол екі жыл бойы (1985–1987) Луговой ауданы «Алғабас» қой совхозы партия комитетінің хатшысы болды.
1987–1995 жылдары Жигули Дайрабаев Луговой ауданының Жамбыл атындағы Ұжымшар басқармасының төрағасы болып, 2 жыл бойы «Қорағаты» кеңшарының директоры лауазымына тағайындалды.
Жоғарғы Кеңестегі депутаттығы (1990–1995) Жигули Дайрабаев 1990 жылы Қазақстан Жоғарғы кеңесі XII шақырылымының депутаты болып сайланған. Оның келесі 5 жыл бойы созылған Кеңестегі мүшелігінің жылдарында Қазақстан тәуелсізідігі жайлы декларациясының күшке енуі, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш конституциясының және мемлекеттік рәміздерінің бекітілуі және 300-ге жуық заңның қабылдануы сияқты тарихи өзгерістер орын алды.
Жоғарғы Кеңестегі депутаттығынан кейін (1997–2022) Жигули Дайрабаев Т. Рысқұлов Аудандық статистика басқармасының басшысы (1997–2001), Шу ауданы «Берликский» астық қабылдау кәсіпорнының директоры, Меркен ауданы «Қазексім-Меркі» мекемесінің директоры (2001–2009), «МОЛБАЛ» ЖШС бас директоры (2009–2015), «Қазақстан фермерлер одағы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы (2015–2019), «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ қауымдастығының президенті (2019–2022) қызметтерін атқарған.
Дәл қазір Жигули Дайрабаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың депутаты (14 маусым 2022 жылдан бастап), Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы (2022 жылғы маусымнан бастап) және «Атамекен» ҰКП Төралқасы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы (2022 жылғы маусымнан бастап) лауазымдарының иегері болып келеді.
2022 жылғы президенттік сайлау thumb|right|Дайрабаевтың 2022 жылғы сайлаудағы қолданған логотибі thumb|right|Өзінің Батыс Қазақстан облысындағы үгіт жұмысы кезіндегі Дайрабаев, 2022 Ауыл ХДПП қыркүйекте өткен съезінде 2022 жылғы президент сайлауына атынан шыққан үміткер болып Жигули Дайрабаев таңдалды.
Сайлаудағы ЖСДП атынан шыққан үміткері Нұрлан Әуесбаев Тоқаевтан басқа барлық үміткерлерді сынға алды да, Дайрабаевты "Ауыл партиясында емес те екен" деп айыптады. Осыған Жигули Дайрабаев видео-жауап түсірді, Нұрлан Әуесбаевты бетпе-бет кездесуге және дебат ұйымдастыруға шақырды.
Сайлау нәтижесінде Дайрабаев жалпы дауыс санының 3,42%-ын жинап, жеңіске жетіп, қайта сайланған Тоқаевтан кейінгі екінші орын алды.
2023 жылғы парламенттік сайлау Президенттік сайлауда жеңілген Жигули Дайрабаев пен басқа үміткер Қарақат Әбден Ауыл партиясының мүшелері тізіміне кірді.
Ауыл ХДПП 2023 жылғы парламенттік сайлауға да қатысқан еді, және Жигули Дайрабаев партияның ең белсенді мүшелердің бірі болған.
Ол сайлауалды дебатқа Ауыл ХДПП атынан қатысқан.
Мәжілістегі депутаттығы (2023–) 2023 жылғы парламент сайлауының нәтижесінде Ауыл ХДПП Мәжіліске тұңғыш рет өтті, және партия атынан мандат алған сегіз депутаттардың бірі Жигули Дайрабаев болды.
Сын Қарсыластарына арнаған видеолары 2022 жылғы президент сайлауына ұсынылған үміткер ретінде Дайрабаев келіспегендерге арнаған бірнеше видеолар жасаған еді, соның ішінде: Мұхтар Тайжанға «Сенде ұят бар ма?... Президенттікке кандидатқа түскеніме ішің жарылып бара жатыр ма?» дегені, басқа үміткер Нұрлан Әуесбаевқа «Нұрлан Әуесбаев деген азамат «Ауыл» партиясының атына, маған сын айтыпты. Нұрлан батыр, саған айтарым, алыстан айбат көрсеткенше, бетпе-бет кездесейік. Қандай ойың бар екенін тыңдайын» дегені бар.
Балаларының сотталуы 2022 жылғы 3 қазанда түрлі БАҚ-нда Жигули Дайрабаевтың екі ұлы Дидар Молдақалық пен Марат Дайрабаев Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы басшысы Ерлан Құлкеевпен бірге бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін талан-таражға салды және алаяқтық жасады деген айыптары жарыққа шықты. Кейінірек олар жайлы іс қозғалғаны жарияланды.
Ұлдарының сотталуы жайлы Жигули Дайрабаев осылай айтты:
2023 жылғы 6 сәуірде екі ұлы алаяқтық пен алдау бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұның нәтижесінде Жигули Дайрабаев жанжалға ұшырады, бірақ депутаттығынан айырылған жоқ. Жигули Дайрабаев оларды кінәлі деп мойындамады.
Меншікті ұрлаған деген айыптары Саит Рузиев есімді азамат бейнеде Дайрабаевқа «жылжымайтын мүлікті заңсыз түрде өзіне тартып алды» деген айып тақты. «Ұрланған мүлік» ішінде Меркі ауылындағы тұрғын үй мен Кеңес ауылындағы жер. Айыпқа жауап ретінде Дайрабаев өзінің Facebook парақшасында деген.
Балалары құлдықта ұстаған деген айыптар Василий Ковешников есімді азамат Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Дайрабаевтың ұлдары оны еңбек құлдығында ұстағанын мәлімдеді. Ковешников сөзінше
Жамбыл облысының полициясы мен Дайрабаевтың өзі Ковешниковтың құлдықта ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Дайрабаев оған қарсы ақпараттық шабуыл ұйымдастырылды деп отыр. «Барлық жанжалдардың себебімен депутаттығыңызды тоқтатасыз ба?» деген сұраққа Дайрабаев «Ондай сұрақ қоймаңыздар, ұят болады» деп жауап берді. Осы жауабы үшін де Дайрабаев сын нысанасына айналды.
Жеке өмірі Жигули Молдақалықұлы өзінің есімі туралы сұраққа жауап бергенде әкесі ұлының үлкен азамат болуын тілеп, оны Жигули тауларының атымен атағанын айтқан.
Жигули Дайрабаев үйленген, үш ұлы және жеті немересі бар.
Марапаттары
Медальдері
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі; Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі; Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі; ҚР Еңбек ардагері; Құрметті ардагер; Облысқа сіңірген еңбегі үшін; ҚР Ауыл шаруашылығының үздігі.
Құрметті атақтары Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының құрметті азаматы; Жамбыл облысының құрметті азаматы.
Басқалары Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Ауыл партиясы мүшелері Санат:Жамбыл облысының құрметті азаматтары Санат:Тұрар Рысқұлов ауданының құрметті азаматтары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан президенттігіне үміткерлер (2022)