Қазақтардың Шыңжаңнан босуы () — қытайлық қазақтардың Шыңжаңнан Қытайдың басқа аумақтарына, Моңғолия және британдық Үндістанның жерлеріне мәжбүрлі түрде қоныс аударуы. 1947 жылдан кейін Үндістан мен Пәкістан, 1940-1960 жылдарда басқа елдерге аттанды. Бұл үрдіске қытайлықтар қарсы болып, көшкендердің біразының өліміне әкеп соқты.

Тарихи ахуал 1949 жылға дейін Шыңжаң өзінің орталықтан алыстығынан Қытайға толық бағынбады. Осы аймақтың тұрғылықты халықтары (қазақтар, ұйғырлар, дүңгендер) маньчжур билігімен, Қытай республикасымен, коммунистермен тәуелсіздік үшін үнемі күрес жүргізді. Қазақтар 1930-1940 жылдардағы көтерілістерге қатысты. 1944-1949 жылғы Іле көтерілісінде басты күш болды. Қазақтар Шыңжаң аумағындағы үлкен саяси күш болғандықтан, осы аумақты басқарғысы келгендер алдымен қазақтарды өзіне тартты немесе басып ұстауға тырысты. 1930-жылдары Шығыс Түркістанда 800 мыңға жуық қазақ болды, оның 100 мыңы Үндістанға босқанда және 1950 жылдардағы көтеріліс кезінде қаза тапты. Қытайлық деректерге сүйенсек 1937-1943 жылдары Шыңжаңда 4 360 020 адам тұрып, оның 930 мыңы қазақтар болған. Бірақ 1953 жылы қазақтардың саны 421 мың болды (45 %-ға азайған).

Дереккөздер

Санат:Қытайдағы қазақтар