«Атамекен» — қазақ кескіндемешісі Қанапия Телжановтың 1958 жылы салған суреті.

Тың игеру эпопеясына арналған бұл туынды қоңыр және сары-күрең түстерге бай, ал алқызыл мен алтын түстердің сирек үшкір жағылымдары шығармаға қарқынды сипат сыйлайды. Жыртылған жерге қарап, тоқтап қалған салт атты адам өз бабаларымен және табиғаттың өзімен сұхбат құрғандай етіп бейнеленген.М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты: 100 шедевров искусства Казахстана . Алматы, 2013.

Жарты қабырғаны тұтас алатын зор картинаның бергі бөлігі соқа жыртқан соқта да, оның арғы беті боз жусаны омыраулатқан киелі байтақ. Екі өркениеттің шекарасында тұрған кейіпкердің көзқарасындағы ұзақ ой көп мағына сыйдыра алатындай көрінеді.«Атамекен» астарындағы ақиқат — «Егемен Қазақстан», 19.02.2018.

Қанапия Телжанов 1950-шы жылдары жаңа өнерді қалыптастыруға атсалысқан суретшілердің бірі еді. Оның шығармашылығына екпінділік, рухани тебіреніс, кейде романтизм де тән деуге болады. Сюжет жағын алсақ, ол өз замандастары сияқты социалистік реализм бағытында жұмыс істеді, сондықтан сол заманның көкейкесті тақырыптарын ол да суреттерінде айқындауға тырысқан.Праздник жизни — «Казахстанская правда», 17.03.2017.

Алайда осы суретте ол жаттанды композициялық бейнелерге жүгіне бермей, тақырыпты ашу үшін драмалық сарын қосады. Өнертанушы Р. Ерғалиеваның айтуынша, Телжанов осы суретінде «орталықтың өктемдігі мен байырғы халықтың көзқарасындағы айырмашылығын жеткізе алды». Ал өнертанушы И. Рыбакованың пікірінше, мұнда табиғаттың таңы және адамның таңы романтикалық параллелизммен суреттеледі: «аспанның аясында салт аттының бейнесі жерден көтеріліп шыққандай болады, сол оятылған жердің өзіндей көне әрі пәрменді болып көрінеді».Онтологические импликации творчества Жанатая Шарденова и Канафии Тельжанова

Жалпы, «Атамекен» бірден көпшіліктің көңілінен шығып, көрерменнен көрікті пікірлер алып жатты. Мәскеуде сол жылы ұйымдастырылған Қазақ КСР бейнелеу өнерінің көрмесінде де Телжановтың бұл шығармасы негізгі орынды иемденді. Мұндай орынға республика өнері жетістіктері арасында бүгінгі күнге дейін де ие.Қ.Т. Телжанов шығармашылығына байланысты библиографиялық шолу

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Санат:Қанапия Телжанов суреттері