Лусила де Мариа дель Перпетуо Сокорро Годой Алькаяга, қысқартылғанда Лусила Годой Алькаяга (), көбіне Габриела Мистраль бүркеншік атымен жақсы танымал (; — ) — чилилік поэтесса, ағартушы, дипломат, әйелдер құқығын үшін күрескер, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Пабло Неруда, Висенте Уидобро және Пабло де Рокамен бірге Мистраль чилилік поэзиясының үлкен төрттігіне кіреді.
Өмірбаяны 16 жасынан бастап мұғалім. 1924 жылдан бастап Италияда, 1933—35 жылдары Испанияда, 1935—37 жылдары Португалияда, 1938—46 жылдары Бразилияда, АҚШ-та дипломатиялық қызмет атқарды; Ұлттар Лигасы мен БҰҰ жұмысына қатысты (1946).
Ол өзінің алғашқы өлеңдерін 1903 жылы жариялады. Мистраль өзінің басынан өткерген жеке драмасы трагедиялық «Өлім сонеттерін» (1914) жасауға шабыттандырды. «Үмітсіз» (1922) жыр кітабында ақын қыздың ішкі жан дүниесі өрнектелген. Мистральдің екінші өлеңдер жинағы – «Тала» (1938) оның поэзиясы ауқымының кеңейгенін айғақтайды: беймаза жанның мойындауы Латын Америкасындағы миллиондаған қарапайым адамдардың сезімін бойына сіңіреді. Мистраль құрлықтағы алғашқылардың бірі болып үндістердің дүниетанымын поэзияның қасиетіне айналдырып, испан поэмасының дәстүрлерін алғашқы қауымның балғын анимистік бейнелермен үйлестірді. Оның соңғы жинағы «Сығынды» (1954)Латын Америкасы: Энциклопедиялық анықтамалық, Мәскеу, Совет энциклопедиясы, 1982.
1945 жылы ол «оның есімін бүкіл Латын Америкасы үшін идеалистік ұмтылыстың символына айналдырды шынайы сезім поэзиясы үшін» әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алды.
Чили ақыны Фредерик Мистралдың атымен лақап ат алды. Бір қызығы, ол да 1904 жылы Нобель сыйлығы да алған.
Меркурийдегі кратер Габриела Мистралдың есімімен аталған.
Кітаптар «Өлім сонеттері» (Sonetos de la Muerte, 1914) «Үмітсіз» (Desolación, 1922) Lecturas para Mujeres, )1923) «Нәзіктік» (Ternura, 1924) Nubes Blancas y Breve Descripción de Chile (1934) «Орманды кесу» (Tala, 1938) Antología (1941) «Cығынды» (Lagar, 1954) Recados Contando a Chile (1957) Poema de Chile (1967, қайтыс болғаннан кейін жарияланған)
Естелік 2010 жылы Сантьягода оның атындағы мәдени орталық (Centro Cultural Gabriela Mistral — GAM) ашылды.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жазушылар. Габриела Мистраль Pavón C. Una supertición chilena (Sobre "Габриэла Мистраль: una mujer sin rostro, de Lila Zemborain) //Página 12, 20 de julio de 2003 http://www.lib.ru/POEZIQ/MISTRAL_G/ - Г. Мистраль
Санат:Әдебиеттен Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Нью-Йоркте қайтыс болғандар Санат:Чили ақындары Санат:Чили жазушылары