Чахарлар (цахар, чахар) — Қытайдағы ішкі Моңғолия аумағында тұратын оңтүстік моңғол этникалық тобы. Олар Моңғолия мен Бурятияда да тұрады. Ethnologue анықтамалығы бойынша Қытайдағы чахарлар саны 299 мың адамды құрайды.

Этнонимі Этнонимі XIII ғасырға жатады. Бастапқыда чахарлар әлеуметтік топты (ханның нөкерлері) құраса, кейінірек этникалық топқа айналды. Чахар княздігі маньчжур жаулап алушыларына қарсы белсенді күрес жүргізді, бірақ 1634 жылы жеңіліске ұшырады.

Тілі Тілі — моңғол тілінің шығыс диалектісі.

Діні Дінге сенушілер - ламаистер.

Кәсібі Негізгі кәсібі – мал шаруашылығы.

Дереккөздер

Санат:Қытай этникалық топтары Санат:Моңғолия этникалық топтары