Язгулямдар (өз атауы: згямиг) — Тәжікстан мен Ауғанстандағы бадахшан халықтарының бірі. Жалпы саны 7 мыңнан 11 мың адамға дейін. Негізінен Язгулям өзенінің биік таулы алқабында тұрады.
Тілі Тілі - язгулям тілі. Білім тәжік тілінде жүргізіледі.
Діні Дінге сенушілері негізінен сүнниттік мұсылмандар, аздаған бөлігі шииттер.
Кәсібі Негізгі кәсібі – суармалы егіншілік, Язгулемнің жоғарғы ағысының биік таулы аймақтарында – мал шаруашылығы. Иіру, тоқу (ерлер), түрлі-түсті жүннен шұлық тоқу (әйелдер), ағаштан ыдыс жасау, қоржын тоқу, т.б. дамыған.
Тұрмыс салты Оларда негізінен әйелдер орындайтын жерлеу және еске алу ғұрыптық биі сақталған. Қайтыс болғандарды каум басшысы жерлейді.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Ауылдар кварталдарға бөлінген, онда негізінен бір атаның (қаум) мүшелері тұрады. Үйлері саман пен қыш кірпіштен тұрғызылған. Қабырғаларының негізі үстіңгі жағына қарағанда қалыңырақ, сондықтан үйдің сыртқы түрі трапеция тәрізді көрінеді. Төбесі тегіс, ағаш жақтаумен, тіректермен бекітілген. Ескі үйлерде Батыс Памир аймағына тән баспалдақ төбесі бар.
Дәстүрлі киімдері Ерлердің, әйелдердің және балалардың ұлттық киімдері біркелкі, туника тәрізді тігілген. Әйелдер маталардан қолмен киім тігеді. Ерлерге арналған халифа каут көйлегі бар. Әйелдерге арналған оврати каут жейдесі ерлердікінен ұзындығы мен жағасы бойынша ерекшеленеді, түрлі-түсті жіптермен, кестемен безендірілген. Әйелдердің тымбон шалбары ерлерге қарағанда ұзағырақ және тобық бөлігінде тарылтуымен ерекшеленеді.
Дереккөздер
Санат:Тәжікстан халықтары Санат:Ауғанстан халықтары