«» — Оливер Стоунның 1991 жылы түсірген процедуралық драмасы.

Президент Кеннедидің өлімінің зерттелуі жайындағы бұл фильм екі кітаптың негізінде түсірілген: Джим Гаррисонның «Өлтіргендердің ізімен» (On the Trail of the Assassins) және Джим Маррстың «Айқаспалы атыс: Кеннедиді өлтірген қаскүнемдік» (Crossfire: The Plot That Killed Kennedy).

Кей елдерде фильм атауы «Далластағы атыс» деген түсініктемемен бірге беріледі.

Сюжеті Президенттің өлімі жайында суық хабар жетісімен прокурор Джим Гаррисон бұл қылмыстың шешілуіне жанталасарлық үлес қосумен әлек болады. Бірнеше күннен кейін негізгі күдікті Ли Харви Освальд та қастандықпен өлтіріледі. Прокурор сонымен байланыста болған Дэвид Ферриден жауап алуға тырысады және оны Федералдық тергеу бюросына тапсырады. Бірақ олар бұл адамды жібереді. Енді Джим Гаррисон өз тергеуін өзі жалғастырады.

Рөлдерде

Кевин Костнер — аймақтық прокурор Джим Гаррисон Сисси Спейсек — әйелі Лиз Гаррисон Майкл Рукер — Билл Бруссард Томми Ли Джонс — Клэй Шоу Джо Пеши — Дэвид Ферри Гэри Олдман — Ли Харви Освальд Джей Сандерс — Лу Айвон Лори Меткалф — Сьюзи Кокс Шон Стоун — Джаспер Гаррисон Кевин Бэйкон — Уилли О’Киф Брайан Дойл-Мюррэй — Джек Руби Джек Леммон — детектив Джек Мартин Эдвард Аснер — детектив Гай Баннистер Дональд Сазерленд — полковник Икс Джон Кэнди — адвокат Дин Эндрюс Джим Гаррисон — АҚШ жоғарғы соты Эрл Уоррен Винсент Д’Онофрио — Билл Ньюман Уэйн Найт — Нума Бартел Беата Позняк — Марина Освальд Стив Рид — Джон Кеннеди Джоди Фарбер — Джеки Кеннеди Уолтер Маттау — сенатор Расселл Б. Лонг Мартин Шин — фильмнің басындағы кадрдан тыс дауыс

Марапаттары Сыйлықтың аты Номинациясы Номинанттар Нәтиже Оскар сыйлығы Үздік фильм Оливер Стоун мен А. Китман Хо Үздік режиссура Оливер Стоун Үздік көмекші актер Томми Ли Джонс Үздік бейімделген сценарий Оливер Стоун мен Закари Скляр Үздік оператор Роберт Ричардсон Үздік монтаж Джо Хатшинг пен Пьетро Скалия Үздік саундтрек Джон Уильямс Үздік дыбыс Майкл Минклер, Грег Лэндэкер, Тод Мэйтлэнд BAFTA Үздік көмекші актер Томми Ли Джонс Үздік бейімделген сценарий Оливер Стоун мен Закари Скляр Үздік монтаж Джо Хатшинг пен Пьетро Скалия Үздік дыбыс Тод Мэйтлэнд, Уайли Стейтмэн, Майкл Уилхойт,Майкл Минклер, Грег Лэндэкер Алтын глобус Үздік фильм – драма Үздік режиссер Оливер Стоун Winners & Nominees 1992|Golden Globes Үздік актер – драма Кевин Костнер Үздік сценарий Оливер Стоун мен Закари Скляр Америка режиссерлері гильдиясы Ерекше режиссура – көркем фильм Оливер Стоун Рейтингі «Rotten Tomatoes» сайтындағы сауалнамаға қатысқандардың 84 пайызы фильмді жақсы деп бағалады. Алайда The New York Times, The Washington Post сияқты басылымдар өз рецензияларында режиссерлік көзқарасты қолдамады. Дереккөздер

Тағы қараңыз Парклэнд

Санат:АҚШ биографиялық фильмдері Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:Оливер Стоун фильмдері Санат:АҚШ тарихи фильмдері Санат:АҚШ триллер фильмдері Санат:АҚШ криминалды фильмдері Санат:Франция драма-фильмдері Санат:Warner Bros. фильмдері