«Қатардағы жауынгер Райанды құтқару» — Стивен Спилбергтің 1998 жылы шыққан соғыс жайлы фильмі. 2014 жылы мәдени, тарихи және көркемдік маңызы бар фильм ретінде АҚШ Конгресс кітапханасының Ұлттық фильмдер регистріне енгізілді.
Сюжеті 1944 жылдың маусымында орын алған Нормандия операциясы кезінде америкалық жауынгерлер Францияның жағалауына түседі, бірақ бірден фашистердің сұрапыл контршабуылына тап болады. Неміс бөлімдері талқандалса да, АҚШ жағында шығын көп болып кетеді. Өлгендердің арасында жауынгер Райан да бар. Вашингтонда қара қағаз бастырып жатқан бір әйел Райандардың бірден үш баласы қайтыс болғанын байқап, бұл ақпаратты жоғарыға жеткізеді. Генерал Джордж Маршалл әлі аман болып соғысып жүрген төртінші ұлды майданнан шығаруға және оны Отанына қайтаруға бұйрық береді. Нормандияда ерлік көрсеткен капитан Джон Миллер өз жасағымен қатардағы жауынгер Джеймс Фрэнсис Райанды құтқаруға шығады. нобай|250px|Фильмнің басында және аяғында көрсетілген Нормандиядағы америкалық сарбаздардың зиратынобай|250px|1944 жылғы фотосуреттегі Хиггинс қайығынан түсіп жатқан сарбаздар
Рөлдерді сомдаған +АктеріКейіпкеріТом Хэнкскапитан Джон МиллерЭдвард Бёрнсқатардағы жауынгер Ричард РайбенТом Сайзморсержант Майкл ХорватДжереми Дэвискапрал Тимоти АпхэмВин Дизельқатардағы жауынгер Адриан КапарзоМэтт Деймонқатардағы жауынгер Джеймс РайанАдам Голдбергқатардағы жауынгер Стэнли МеллишБарри Пепперқатардағы жауынгер Даниель ДжексонДжованни Рибизиәскери дәрігер Ирвин УэйдТед Дэнсонкапитан ХамиллПол Джаматтиштаб-сержант Уильям ХиллДеннис Фаринаподполковник Уолтер АндерсонНейтан ФиллионДжеймс Фредерик «Миннесота» РайанЙорг Стадлер«Вилли бу кемесі», неміс солдатыХаррисон Янгқартайған Джеймс РайанЛиленд Орсерлейтенант Де УиндтКори Джонсонрадист МэйкиРайан Хёрстдесант мүшесі МэндельсонБрайан КрэнстонСоғыс министрлігіндегі полковник
Түсірілуі Роберт Родэт Американың Екінші дүниежүзілік соғысына қатысуы туралы Стивен Эмброуздың кітабында Ниланд ағайындылардың хикаясын оқысымен өз сценариін жазуға кіріседі.Producing Partners Step Aside for Spielberg With ‘Saving’ Grace — Los Angeles Times, 24.07.1998. Осы сценарий бойынша фильм жасау үшін арнайы Mutual Film Company құрылады.
Бастапқыда режиссер ретінде Майкл Бэй шақырылады, бірақ ол жобадан өзі шығып кетеді.Saving Private Ryan (1998) Revisited: Steven Spielberg Movie Review — JoBlo, 30.05.2022. Басты рөлге қаралып жүрген Том Хэнкс сценарийді Стивен Спилбергке береді. Ол келіскеннен кейін жобаға DreamWorks Pictures және Amblin Entertainment компаниялары қосылады. Соғыс ардагерлерімен сұхбаттарды ұйымдастырып өткізген соң Спилберг сценарийге жаңаша қарайды және оны шыншылдыққа одан сайын жақындату керектігін айтады. Эмброуз тарихи кеңесші ретінде бекітіледі.
Спилбергтің ойынша, Джеймс Райанды қатты танылмаған әртіс ойнауы керек еді. Ақылды Уилл Хантинг фильмінің жасалуы кезінде Робин Уильямс оған Мэтт Деймонды таныстырады, біраздан соң ол осы рөлге бекітіледі. Спилбергтің ұсынысымен актерлердің көбісі он күнге әскери жаттығу лагеріне барды және өз кейіпкерлерінің кейпінде арнайы дайындықтан өтті.Why Everyone But Matt Damon Went To Boot Camp And Other ‘Saving Private Ryan’ Facts
Кино түсіру 1997 жылдың маусымында басталды. Жағажайдағы шайқас үш-төрт аптаның ішінде Ирландияда түсірілді, оған 1500 адам қатысты, оның ішінде 1000 волонтер мен ирландиялық солдаттар болды.Film; True To The Timeless Fact That War Is Hell — The New York Times, 19.07.1998. Спилберг Нормандия операциясында пайдаланылған екі Хиггинс қайығын киноға түсірді, қалған кемелер 1950-ші жылдарға жатқызылады.
Басқа көріністер негізімен Англия мен Францияда түсірілді. Көріністердің көбісі қол камералармен түсірілді.
Марапаттары Сыйлықтың атыНоминациясыНоминанттарНәтижеОскарҮздік фильмСтивен Спилберг, Йен Брайс, Марк Гордон, Гэри ЛевинсонҮздік режиссураСтивен СпилбергҮздік актерТом ХэнксҮздік түпнұсқалық сценарийРоберт РодэтҮздік операторлық жұмысЯнуш КаминскиҮздік қоюшы суретшіТомас Сандерс, Лиза ДинҮздік монтажМайкл КанҮздік гримЛуи Бёрвелл, Конор О’Салливан, Дэниел СтрипикҮздік музыкаДжон УильямсҮздік дыбысГэри Райдстром, Рон Джадкинс, Гэри Саммерс, Энди НельсонҮздік дыбыс монтажыГэри Райдстром, Ричард ХимнсBAFTAҮздік фильмСтивен Спилберг, Йен Брайс, Марк Гордон, Гэри ЛевинсонҮздік режиссураСтивен СпилбергҮздік актерТом ХэнксҮздік операторЯнуш КаминскиҮздік қоюшы суретшіТомас СандерсҮздік визуалды эффекттерСтефан Фангмейер, Роджер Гайетт, Нил КорбоулдҮздік монтажМайкл КанҮздік гримЛуи Бёрвелл, Жанетт ФрименҮздік музыкаДжон УильямсҮздік дыбысГэри Райдстром, Рон Джадкинс, Гэри Саммерс,Энди Нельсон, Ричард ХимнсАлтын глобусҮздік фильм — драмаҮздік режиссураСтивен СпилбергҮздік актер — драмаТом ХэнксҮздік сценарийРоберт РодэтҮздік музыкаДжон УильямсАҚШ киноактерлерігильдиясының сыйлығыҮздік актерлік ұжымҮздік актерТом ХэнксГрэммиКино/ТВ үшін жасалғанүздік инструменталды композицияДжон Уильямс
Дереккөздер
Санат:Стивен Спилберг фильмдері Санат:DreamWorks Pictures фильмдері Санат:Paramount Pictures фильмдері Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс туралы фильмдер