Қуаныш, Жартас – Ақмырза өзенінің оң саласы, Сілеті алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы жерімен ағады.
Гидрологиясы Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 1320 км2. Көп жылдық орташа су ағымы 50,7 млн. м3. Кейбір жағалау бөліктері биік жарқабақты келген. Қараша айының 2-онкүндігінде суы қатады. Суы ауыз суға пайдаланылады. Топырақтан жасалған бөгет арқылы ауыл шаруашылығына пайдаланатын бөген салынған.
Бастауы Бастауын Ерейментау тауларының солтүстік-батыс беткейінен алып, Қарасу өзенімен қосылып Ақмырза өзенін түзеді. Басты саласы – Олжабай (ұзындығы 23,5 км).
Өсімдігі Алабында аласа таудың қара топырағы, қалған бөлігінде сортаңдау қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда бетегелі-сұлыбасты өсімдіктер, өзеннің жоғарғы ағысының жағалауында бұталар, сағасында астық тұқымдас әр түрлі шалғындық өсімдіктер өскен.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы өзендері