Қазақ КСР халық комиссарлары кеңесі — Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының жоғарғы мемлекеттік басқару органы.
1920 жылы 12 қазанда ҚырОАК атқарушы және әкімшілік органы ретінде құрылды, 1925 жылы 15 маусымда Қазақ АКСР халық комиссарлар кеңесі болып, 1936 жылы 5 желтоқсанда — Қазақ КСР халық комиссарлар кеңесі болып өзгертілді. 1946 жылы 15 наурызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құрылуына байланысты жойылды.
Жетекшілігі Халық комиссарлары кеңесінің төрағалары Қырғыз АКСР халық комиссарлар кеңесінің төрағалары: Виктор Алексеевич Радус-Зенькович (12.10.1920 — қазан 1921) Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев (қазан 1921 — қазан 1922) Сәкен Сейфуллин (желтоқсан 1922 — қазан 1924) Нығмет Нұрмақұлы (қазан 1924 — 15.07.1925)
Қазақ АКСР халық комиссарлар кеңесінің төрағалары: Нығмет Нұрмақұлы (15.07.1925 — сәуір 1929) Ораз Жанұзақұлы Исаев (сәуір 1929 — 05.12.1936)
Қазақ КСР халық комиссарлар кеңесінің төрағалары: Ораз Жанұзақұлы Исаев (5.12.1936 — 31.05.1938) Ыбрайым Таусиқұлы Тәжиев — м. а. (25.05.1938 — 17.07.1938) Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (17.07.1938 — 1946).
Кіші халық комиссарлары кеңесінің төрағалары Петр Михайлович Стеклов қазан 1921 г. — қаңтар 1922 ж. Исаак Михайлович Заромский 14 қаңтар 1922 г. — қыркүйек 1922 ж. Әлиасқар Меңдиярұлы Әлібеков қыркүйек 1922 г. — ? Кіші халық комиссарлары кеңесі деп Халық комиссарлары кеңесі қарамағындағы Комиссияны атады (ағымдағы мәселелер бойынша).
Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасарлары Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев қазан 1920 ж. — қазан 1921 ж. Әбдірахман Әйтиев, міндетті уақытша атқарушы қазан 1921 ж. — [наурыз 1922 ж.] Арон Исакович Вайнштейн наурыз 1922 ж. — қыркүйек 1923 ж. Владимир Иванович Вельман қыркүйек 1923 ж. — тамыз 1924 ж. Нығмет Нұрмақұлы қыркүйек 1924 ж. — қараша 1924 ж. Абылай Серғазиұлы ақпан 1925 ж. — қыркүйек 1926 ж. Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов қыркүйек 1926 ж. — қаңтар 1935 ж. Теймур Махмұтоғлы Әлиев маусым 1935 ж. — тамыз 1936 ж. Жанайдар Садуақасұлы тамыз 1936 ж. — сәуір 1937 ж. Сүлеймен Есқараев мамыр 1937 ж. — тамыз 1937 ж. Василий Никифорович Лазарев қыркүйек 1937 ж. — маусым 1938 ж. Иван Семенович Климентьев шілде 1938 ж. — желтоқсан 1941 ж. Александр Петрович Заговельев сәуір 1942 ж. — наурыз 1946 ж.
Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасарлары — Еңбек және Қорғаныс кеңесінің төрағалары ҚАКСР халық комиссарлары кеңесі қарамағындағы Еңбек және Қорғаныс кеңесі 1921 жылы 14 қаңтарда ҚАКСР халық комиссарлар кеңесінің комиссиясы ретінде құрылды. 1923 жылы қыркүйекте ҚАКСР халық комиссарлар кеңесі қарамағындағы Өлкелік шаруашылық мәжілісі болып өзгертілді.
Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев қазан 1920 ж. — қазан 1921 ж. Арон Исакович Вайнштейн наурыз 1922 ж. — шілде 1923 ж. Наум Михайлович Винокуров-Наумов шілде 1923 ж. — қыркүйек 1923 ж.
Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасарлары — Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағалары Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы 1921 жылы 19 қарашада ҚАКСР Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің жиыны ретінде құрылды. 1965 жылы қазанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік жоспарлау комитеті болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істеді.
Петр Бертулевич Журевский наурыз 1922 ж. — маусым 1922 ж. Захар Львович Миндлин маусым 1922 ж. — тамыз 1922 ж. Георгий Михайлович Дунаев қыркүйек 1922 ж. — [қараша] 1922 ж. Захар Львович Миндлин желтоқсан 1922 ж. — қаңтар 1924 ж. Семен Митрофанович Щербаков, міндетті уақытша атқарушы маусым 1924 ж. — тамыз 1924 ж. Смағұл Сәдуақасов қыркүйек 1924 ж. — ақпан 1925 ж. Абылай Серғазиұлы ақпан 1925 ж. — қыркүйек 1926 ж. Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов қыркүйек 1926 ж. — қаңтар 1928 ж. Александр Моисеевич Поволоцкий наурыз 1928 ж. — қазан 1929 ж. Август Иванович Поднек қараша 1929 ж. — қыркүйек 1931 ж. Исидор Борисович Маймин қазан 1931 ж. — сәуір 1933 ж. Владимир Николаевич Андронников сәуір 1933 ж. — қаңтар 1937 ж. Константин Яковлевич Рафальский қаңтар 1937 ж. — наурыз 1938 ж. Павел Леонтьевич Смирнов наурыз 1938 ж. — маусым 1938 ж. Михаил Сергеевич Королев маусым 1938 ж. — тамыз 1939 ж. Виктор Георгиевич Мельников қыркүйек 1939 ж. — қараша 1940 ж. Ғабдолла Шоланов қараша 1940 ж. — сәуір 1942 ж. Павел Михайлович Дунаев сәуір 1942 ж. — маусым 1943 ж. Ыбрайым Таусиқұлы Тәжиев маусым 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
Халық шаруашылығы орталық кеңесі (ХШОК) 1923 жылы 31 желтоқсанда РКФСР халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ҚАКСР өнеркәсіптік бюросы негізінде құрылды. 1932 жылы 27 қаңтарда ҚАКСР ОАК мен ХКК қаулысының негізінде қызметтері мен бағынысты мекемелері ҚАКСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссариатына беріліп, таратылды.
Наум Михайлович Винокуров-Наумов желтоқсан 1923 ж. — ақпан 1924 ж. Мұхтар Саматұлы наурыз 1924 ж. — ақпан 1925 ж. Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов ақпан 1925 ж. — қыркүйек 1926 ж. Әзімбай Лекеров қыркүйек 1926 ж. — мамыр 1927 ж. Қабылбек Сарымолдаев мамыр 1927 ж. — сәуір 1928 ж. Федор Данилович Корнюшин сәуір 1928 ж. — ? Аспандияр Кенжин ақпан 1929 ж. — қазан 1929 ж. Михаил Васильевич Батраков мамыр 1930 ж. — ақпан 1931 ж. Яков Петрович Беликов наурыз 1931 ж. — қаңтар 1932 ж.
Жұмысшы-шаруа инспекциясы халық комиссариаты 1920 жылы қазанда Қырғыз өлкесінің жұмысшы-шаруа инспекциясы комиссариаты негізінде құрылды. 1924 жылы ақпанда РК(б)П Қырғыз өлкелік бақылау комиссиясымен біріктірілді. 1934 жылы ақпанда таратылды.
Николай Иванович Баландин қазан 1920 ж. — маусым 1921 ж. Сергей Дмитриевич Сергеев маусым 1921 ж. — қазан 1921 ж. Әлиасқар Меңдиярұлы Әлібеков қазан 1921 ж. — қаңтар 1924 ж. Александр Дмитриевич Авдеев ақпан 1924 ж. — [қараша] 1925 ж. Иван Титович Морозов қараша 1925 ж. — [ақпан 1928 ж.] Иван Анфильевич Богданов ақпан 1928 ж. — қаңтар 1931 ж. Андрей Яковлевич Фектер ақпан 1931 ж. — қазан 1932 ж. Яков Георгиевич Егоров қаңтар 1933 ж. — ақпан 1934 ж.
Мемлекеттік бақылау халық комиссариаты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1940 жылғы 5 қазандағы Жарлығы негізінде Қазақ КСР халық комиссарлар кеңесінің 1940 жылғы 27 қарашадағы қаулысымен құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР мемлекеттік бақылау министрлігі болып қайта құрылып, 1958 жылға дейін қызмет етті.
Ақметжан Қойшығұлов қараша 1940 ж. — ақпан 1942 ж. Петр Григорьевич Орехов сәуір 1942 ж. — қаңтар 1943 ж. Ақай Оңғарбайұлы қаңтар 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК) БОАК мен РКФСР халық комиссарлар кеңесінің 1920 жылғы 26 тамыздағы декретінің негізінде 1920 жылы қазанда құрылды. 1927 жылы тамызда КСРО халық комиссарлар кеңесінің 1927 жылғы 5 маусымдағы № 33 қаулысымен ҚАКСР Орталық әкімшілік басқармасы болып қайта құрылды. 1929 жылы тамызда екінші рет құрылды. 1930 жылы желтоқсанда таратылды. КСРО ІІХК № 003 бұйрығымен 1937 жылы қаңтарда қайта құрылды. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1941 жылғы 20 шілдедегі Жарлығымен 1943 жылы сәуірде ІІХК-нан бөлініп шыққан Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариатымен біріктірілді. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
Бірінші құрылымы (қазан 1920 ж. — тамыз 1927 ж.) Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев қазан 1920 ж. — қазан 1921 ж. Әбдірахман Әйтиев қазан 1921 ж. — қаңтар 1924 ж. Мұқаш Орынбаев қаңтар 1924 ж. — қараша 1924 ж. Закария Мұкеев қараша 1924 ж. — мамыр 1925 ж. Сүлеймен Есқараев мамыр 1925 ж. — тамыз 1927 ж.
Екінші құрылымы (тамыз 1929 ж. — желтоқсан 1930 ж.) Қасым Әуезов тамыз 1929 ж. — қазан 1930 ж. Михаил Маркович Табакин, міндетті уақытша атқарушы қазан 1930 ж. — желтоқсан 1930 ж.
Үшінші құрылымы (қаңтар 1937 ж. — наурыз 1946 ж.) Лев Борисович Залин қаңтар 1937 ж. — қаңтар 1938 ж. Станислав Францевич Реденс қаңтар 1938 ж. — қаңтар 1939 ж. Семен Николаевич Бурдаков қаңтар 1939 ж. — қазан 1940 ж. Алексей Никитич Бабкин тамыз 1940 ж. — ақпан 1941 ж. Федор Петрович Харитонов ақпан 1941 ж. — шілде 1941 ж. Алексей Никитич Бабкин шілде 1941 ж. — мамыр 1943 ж. Николай Кузьмич Богданов мамыр 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты 1941 жылы ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1941 жылғы 3 ақпандағы Жарлығына сәйкес ІІХК-ның екі халық комиссариаттарына бөлінуі нәтижесінде құрылды. 1941 жылы шілдеде ІІХК мен Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты біріктірілді. 1943 жылы сәуірде ІІХК екі халық комиссариаты: ІІХК және Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты болып қайта құрылды. 1946 жылы 15 наурызда Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі болып қайта құрылды. 1953 жылы наурызда Ішкі істер және Мемлекеттік қауіпсіздік министрліктері қайтадан біріктірілді. 1954 жылдың ақпан-наурыз айларында Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МҚК) құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
Бірінші құрылымы (ақпан-шілде 1941 ж.) Алексей Никитич Бабкин ақпан 1941 ж. — шілде 1941 ж.
Екінші құрылымы (сәуір 1943 ж. — наурыз 1946 ж.) Алексей Никитич Бабкин мамыр 1943 ж. — наурыз 1944 ж. Сергей Иванович Огольцов сәуір 1944 ж. — желтоқсан 1945 ж.
Әділет халық комиссариаты 1920 жылы қазанда БОАК мен РКФСР халық комиссарлар кеңесінің 1920 жылғы 26 тамыздағы декретінің негізінде Қазақстан Кеңестерінің 1-(құрылтай) съезінің қарарына сәйкес құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
Ғұбайдолла Әлібеков қазан 1920 ж. — қазан 1921 ж. Шафқат Мұхамеджанұлы Бекмұхамедов қазан 1921 ж. — қазан 1922 ж. Мырзағұл Атаниязов қазан 1922 ж. — мамыр 1923 ж. Нығмет Нұрмақұлы мамыр 1923 ж. — қыркүйек 1924 ж. Нұртаза Ералин қыркүйек 1924 ж. — қараша 1924 ж. Қанай Боранбаев қараша 1924 ж. — мамыр 1925 ж. Сәдуақас Мәмбеев мамыр 1925 ж. — қаңтар 1928 ж. Жанайдар Садуақасов қаңтар 1928 ж. — желтоқсан 1929 ж. Боран Айтмағамбетов наурыз 1930 ж. — тамыз 1933 ж. Абдолла Жармұхамедов қараша 1933 ж. — қаңтар 1935 ж. Хамза Жүсіпбеков қаңтар 1935 ж. — ақпан 1936 ж. Сүлеймен Есқараев ақпан 1936 ж. — тамыз 1936 ж. Оразғали Бурабаев тамыз 1936 ж. — қазан 1937 ж. Баймұхамет Шағыров қазан 1937 ж. — наурыз 1939 ж. Шашан Оразбайұлы мамыр 1939 ж. — қаңтар 1943 ж. Мырзақадыр Нұрбаев қаңтар 1943 ж. — наурыз 1946 ж.
Сыртқы істер халық комиссариаты 1944 жылғы 13 сәуірдегі Қазақ КСР Заңымен құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
Төлеген Тәжібайұлы тамыз 1944 ж. — наурыз 1946 ж.
Қаржы халық комиссариаты 1920 жылы 19 қазанда БОАК мен РКФСР халық комиссарлар кеңесінің 1920 жылғы 26 тамыздағы Декретінің негізінде Қазақстан Кеңестерінің 1-(құрылтай) съезінің қарарына сәйкес құрылды. 1946 жылы наурызда Қазақ КСР Қаржы министрлігі болып қайта құрылып, 1991 жылдың желтоқсанына дейін қызмет етті.
Нестор Григорьевич Калашников қазан 1920 ж. — ақпан 1922 ж. Сергей Сергеевич Генералов наурыз 1922 ж. — маусым 1922 ж. Александр Федорович Кокушкин маусым 1922 ж. — маусым 1923 ж. Исидор Борисович Мамырмин маусым 1923 ж. — мамыр 1926 ж. Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев мамыр 1926 ж. — қаңтар 1930 ж. Мұқаш Орынбаев қаңтар 1930 ж. — қазан 1933 ж. Василий Иванович Бессонов, міндетті уақытша атқарушы қазан 1933 ж. — қаңтар 1935 ж. Ілияс Ысмайылұлы Молдажанов қаңтар 1935 ж. — тамыз 1937 ж. Ахмет Дәкішұлы Дауылбаев тамыз 1937 ж. — наурыз 1940 ж. Иван Авксентьевич Шугайло, міндетті уақытша атқарушы наурыз 1940 ж. — маусым 1940 ж. Арбап Нұрымұлы Сарынов маусым 1940 ж. — желтоқсан 1941 ж. Иван Авксентьевич Шугайло желтоқсан 1941 ж. — наурыз 1946 ж.
Еңбек халық комиссариаты 1920 жылы қазанда БОАК мен РКФСР халық комиссарлар кеңесінің 1920 жылғы 26 тамыздағы декретінің негізінде Қазақстан Кеңестерінің 1-(құрылтай) съезінің қарарына сәйкес құрылды. КСРО ОАК, КСРО ХКК және Бүкілодақтық кәсіподақтар орталық кеңесінің 1933 жылғы 23 маусымдағы қаулысы негізінде 1933 жылы қыркүйекте таратылды.
Исаак Михайлович Заромский қазан 1920 ж. — қазан 1922 ж. Моисей Львович Фабрикант-Страховенко, міндетті уақытша атқарушы қазан 1922 ж. — сәуір 1923 ж.