Кемал Кылычдароглу (, айтылуы — Кемаль Кылычдаролу, ; , Баллыджа, Тунжелі, Түркия Мұрағатталған (29 маусым 2010).) — түрік саяси және мемлекеттік қайраткері, экономист. Ол 2010-2023 жылдар аралығында (CHP) басшысы қызметін атқарған. Түркиядағы 14 мамыр күні өткен президент сайлауында біріккен оппозиция () атынан өзінің кандидатурасын ұсынды.

Саясаттағы мансабына дейін Қылышдарұлы мемлекеттік қызметші болған және 1992–1996 және 1997–1999 жылдары Әлеуметтік сақтандыру мекемесінің бас директоры қызметін атқарған. Ол 2002 жылғы жалпы сайлауда Парламентке сайланды және РХП-ның парламенттік тобының жетекшісі болды. Қылышдарұлының саяси ұстанымы социал-демократия деп сипатталады.

Жастық шағы Кемал Карабулут 1948 жылы 17 желтоқсанда Түркияның шығысындағы Тунжелі провинциясының Назымые ауданы Баллыжа ауылында іс қағаздарын жүргізушісі Камер мен оның әйелі Йемуштың отбасында дүниеге келген. Кемал Кылычдароғлу олардың жеті баласының төртінші үлкені болды.

Кемалдың әкесі 1960 жылдары отбасының фамилиясын Карабулуттан Кылычдароғлуға ауыстырды, өйткені олардың ауылындағы барлығының фамилиясы бірдей (Карабулут). Оның әкесі Дерсим көтерілісі сәтсіз аяқталғаннан кейін жер аударылған мыңдаған алевилердің арасында болды.

Кемал бастауыш және орта білімін Эрджиш, Тунжелі, Генч, Элязыг сияқты әртүрлі жерлерде жалғастырды. 1971 жылы Анкара экономика және коммерциялық ғылымдар академиясында, қазіргі Гази университетінде экономика мамандығы бойынша білім алып, оны 1971 жылы бітірген.

Саяси мансапы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

[www.kemalkilicdaroglu.com Ресми сайты] Кемал Қылышдарұлының ТҰҰМ-дегі парақшасы

Facebook-тағы Кемал Қылышдарұлы

Санат:Тунжеліда туғандар Санат:Республикалық халық партиясы (Түркия) мүшелері Санат:Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің XXIII шақырылымының депутаттары Санат:Гази университеті түлектері Санат:Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің XXIV шақырылымының депутаттары Санат:Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің XXV шақырылымының депутаттары Санат:Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің XXVI шақырылымының депутаттары Санат:Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің XXII шақырылымының депутаттары Санат:Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің XXVII шақырылымының депутаттары Санат:Ыстанбұл провинциясынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаттары