Ресей Федерациясының президент сайлауы 1996 жылдың 16 маусымында Ресей Конституциясы бойынша Борис Ельцин президенттік мерзімінің біткен себебімен өтті. Сайлау 16 маусым және 3 шілде күндері 2 айналыммен өтіп, нәтижесінде Ельцин қайта сайланды.

Ельцин сайлауда жеңу үшін олигархтар мен Қарулы Күштердің қолдауын алып, демократиялық емес жолмен қайта сайланды.

Бұл — посткеңестік Ресей тарихындағы 2-айналымды қажет еткен жалғыз сайлау. Ельциннің осы сайлаудағы басты қарсыласы РФКП басшысы Геннадий Зюганов. Басқа көп қолдау алған кандидаттың бірі Александр Лебедь болған, оны Ельцин сайлаудан кейін Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындады.

Алғышарттары 1991 жылы, Кеңес Одағының ыдырауынан бұрын, Борис Ельцин Ресей КФСР президенті болып сайланған. 1993 жылғы бүкілресейлік референдум нәтижесінде жаңа құрылған Ресей Федерациясы президент сайлауының 1996 жылы бола беретіні шешілді. Кейінірек сол жылы Ресейдің тұңғыш Конституциясы күшіне енді де, президенттік мерзімнің төртжылдығы бекітілді.

1995 жылы өткен Мемлекеттік Дума сайлауында Коммунистік партия про-президенттік «Үйіміз — Ресей» партиясымен салыстырғанда екі есе көп дауыс жинап, мандаттың көпшілігін иелеген және сол себеппен 1996 жылғы президент сайлауында Ельцин жеңіледі деп болжанған еді. Бұл болжамның тағы бірнеше себептері болған: Бірінші Шешен соғысындағы Ресейдің жеңілісі, сәтсіз болған либералды реформалар, жемқорлық айыптары, экономиканың нашар жағдайы және т.б.. Ельцин сайлауды кешірек жылжытады немесе мүлдем болдырмайды деген де болжамдар болғанымен, ол осындай шешімнің қабылданбайтынын айтқан.MCFAUL, Michael Ельциннің орнына Санкт-Петербург мэрі Анатолий Собчакты ұсыну да талқыланған, алайда ол сайлауға қатыспайтынын мәлімдеген.

Үміткерлері Тіркелген үміткерлер Үміткер аты-жөні(Жасы)ПартиясыЛауазымыТіркелген күні196x196 нүктеВладимир Брынцалов(49)Орыс социалистік партиясыМемлекеттік Думаның депутаты(1995–2003)26 сәуір 1996196x196 нүктеЮрий Власов(60)ТәуелсізМемлекеттік Думаның депутаты(1993–1995)26 сәуір 1996196x196 нүктеМихаил Горбачёв(65)ТәуелсізКСРО-ның де-факто басшысы(1985–1991)12 сәуір 1996196x196 нүктеБорис Ельцин(65)ТәуелсізРесей президенті(1991–1999)3 сәуір 1996196x196 нүктеВладимир Жириновский(50)Либералды-демократиялық партияЛибералды-демократиялық партияның төрағасы(1991–2022)Мемлекеттік Думаның депутаты(1993–2022)5 сәуір 1996196x196 нүктеГеннадий Зюганов(52)Коммунистік партияРесей Коммунистік Партиясының Бірінші Хатшысы(1991 бастап)4 наурыз 1996196x196 нүктеАлександр Лебедь(46)Орыс қауымдарының конгресіМемлекеттік Думаның депутаты(1995–1996)19 сәуір 1996196x196 нүктеСвятослав Фёдоров(69)Жұмысшылардың өзін-өзі басқару партиясыКСРО Халық депутаты(1989–1991)Мемлекеттік Думаның депутаты(1995–1999)19 сәуір 1996196x196 нүктеМартин Шаккум(44)Социалистік Халық партиясыСоциалистік Халық партиясы төрағасы22 сәуір 1996196x196 нүктеГригорий Явлинский(44)ЯблокоЯблоко партиясының төрағасы(1993–2008)Мемлекеттік Думаның депутаты(1993–2003)19 сәуір 1996

Үміткерлігін тоқтатқандар Үміткер аты-жөні(Жасы)ПартиясыЛауазымыТіркелген күні–Кандидатурасын тоқтатқан күніҚосымша ақпарат196x196 нүктеАман Төлеев(52)ТәуелсізКемерово облысы Заң шығару Жиналысының төрағасы26 сәуір–8 маусым1996Төлеев сайлаудан бұрын Зюгановты қолдап, үміткерлігін тоқтатқан; алайда ол осыны дедлайннан кеш шешкесін оның есімі бюллетеньдерде қала берді, ол 308 дауыс жинады

Үгіт жұмыстары

Ельцин үгіті thumb|left|Борис Ельциннің Мәскеу облысының халқымен сайлауалды кездесуі, 7 мамыр 1996 Сайлауалды сауалнама бойынша Ельцинді қолдайтын халықтың пайыздығы 6%-ға жуық болған. Ельцин халықтың қолдауын алу үшін демократиялық емес тәсілдерді қолданды: оны қолдайтын олигархтар елдегі БАҚ басқарып, теледидардағы Зюгановты аз көрсетіп, әрі Ресей жұлдыздарының «про-Ельциндігін» көрсеткен. Осыны ұйымдастырған тұлғалардың бірі Президенттік Күзеттің төрағасы Александр Коржаков болған, Ельцин өзінің сөзі сенсек, Коржаков оны билікте сақтап қалу үшін күш қолдануға да дайын болған. Алайда сайлауалды бағдарламаларға енгізілген өзгерістерден кейін 21 мамыр күні Ельцин мен Зюганов рейтингтері бірдей болды.

2-айналымда талқыланған басты тақырыптар Шешенстандағы соғыс, бағаның шарықтауы, жұмыссыздық және экономикалық құлдырауды тоқтату шаралары болды. Ельцин бағдарламасында екінші «қайта құру» болмайтыны айтылған. 2-айналымнан бұрын Ельцин кампаниясында ксерокс ісі атты ірі жанжал орын алды, оның нәтижесінде кампания басшылығында болған Михаил Барсуков пен Александр Коржаков тұтқындалды. Оған қоса Ельциннің нашарлап жатқан денсаулығы кампанияға үлкен кедергі болған.

Ельциннің науқанында жұмыс істейтін жарнама агенттіктерінің бірі Зюгановтың суреті мен «Бұл сіздің азық-түлік сатып алуға соңғы мүмкіндігіңіз болуы мүмкін!» деген ескертуі бар миллионнан астам плакат басып шығарды. Бұл плакаттар бүкіл елдегі азық-түлік базарларының терезелеріне ілінді. Бұл тәсіл тиімді болып шықты. Компартияға қарсы тағы «олар атауларын да, тәсілдерін де өзгертпеген» сияқты лозунгтар қолданып, кампания кеңестік биліктің кемшіліктерін еске түсірді.

Зюганов үгіті thumb|left|Геннадий Зюганов, 2009 РФКП мүшелері арасындағы келіспеушіліктер Зюганов кампаниясына ірі кедергі болған; партияның кейбір оның сайлауға қатысуын да қаламаған еді. Партияның Бүкілресейлік IV-съезінде Зюганов өзінің сайлауалды кампаниясын толықтай бекітті. Кампаниясында компромиссіз саясат, Шешенстандағы соғысты аяқтау, КСРОдан үлгі алып Ресейді қайта құру сияқты ұсыныстар айтылатын. Дедлайннан кеш үміткерлігін тоқтатқан Аман Төлеев РФКП-ны қолдайтынын айтқан.

Зюганов кампаниясында Ресейге дайындаған болашақ реформаларын үш кезеңге бөледі:

Бірінші кезеңі (1996—1997) — түрлі саланың мамандарын жинап, жаңа, халық сенетін үкімет ұйымдастыру. Осы тәсілмен елдегі экономикалық ахуалды дұрыстау; Екінші кезеңі (1998—2003) — өндіріс саласына көп мән беріп, жаңа өндіріс көздерінен қаржы алу; Үшінші кезеңі (2004—2010) — постиндустриалды заманның технологиясын Ресейде толық қолданысқа енгізу және Ресейді әлем саудасындағы елдер қатарына қосу.

Екі айналым аралығында Зюганов сайлауда жеңілгендермен жеке сөйлесті. Лебедьпен сөйлескенде ол оның сайлаушыларын өз партиясына жақындату үшін Лебедьті РФКП мүшесі болып, Ельцинге қарсы шығуын ұсынған, алайда Лебедь өзінің бастапқы ойынан қайтпады. Зюганов «Яблоко» төрағасы Явлинскиймен де сөйлескен. Партиядағы 152 делегаттың 87-і екі кандидатқа қарсы және 63-і Ельцинге қарсы шықты, бірақ Зюгановтың екі жақтаушысы да болды: Коммунистік партия өкілдерінің пікірінше, мұны жақсы нәтиже деп санауға болады, өйткені бірнеше ай бұрын «Яблоко» мүшелерінің коммунистерді қолдағаны мүлдем мүмкін емес болатын еді.

Зюганов 2-айналымда Ельцинге қарсы шыға алған жалғыз үміткер болды, алайда ол тек 40.31% дауыс жинап, сол айналымда да жеңілді.

Нәтижесі Үміткер аты-жөніПартиясы1-айналым2-айналымДауыс саны%Дауыс саны%Борис ЕльцинТәуелсіз26,665,49535.7940,203,94854.4Геннадий ЗюгановКоммунистік партия24,211,68632.4930,102,28840.73Александр ЛебедьОрыс қауымдарының конгресі10,974,73614.73Григорий ЯвлинскийЯблоко5,550,7527.45Владимир Жириновский Либералды-демократиялық партия4,311,4795.79Святослав ФёдоровЖұмысшылардың өзін-өзі басқару партиясы699,1580.94Михаил ГорбачёвТәуелсіз386,0690.52Мартин ШаккумСоциалистік Халық партиясы 277,0680.37Юрий ВласовТәуелсіз151,2820.2Владимир БрынцаловОрыс социалистік партиясы123,0650.17Аман ТөлеевТәуелсіз 3080.00Бәріне қарсымын1,163,9211.563,604,4624.88Жалпы саны74,515,01998.5873,910,6981.05Жарамсыз дауыс саны1,072,1201.42780,5921.05Жалпы дауыс саны 75,587,13910074,691,290100Тіркелген сайлаушылар108,495,02369.67108,589,05068.78

Сын

Ксерокс жанжалы «Ксерокс» ісі () — 2-айналымда орын алған Борис Ельциннің сайлауда валюталық және қаржыландыру ережелерін бұзды деген айыптармен байланысты болған жанжал. Дау 19 маусымда Ресей Ақ үйінің сыртында президент Борис Ельциннің қайта сайлану науқаны екі қызметкерінің ұсталуынан туындаған еді. Қауіпсіздік агенттері ер адамдардың бірі алып бара жатқан Xerox еселегіш құрылғысынан $500,000 тапты. Көп ұзамай қызметкерлердің Ельциннің сайлауалды ұйымы мен президент әкімшілігінің мүшелері болған Михаил Барсуков пен Александр Коржаков тұтқындалды.

Дереккөздер

Санат:Ресейдегі президент сайлаулары