Сауыт, Сауыж – Тоғызақ өзені алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Фёдоров ауданы Пешковка ауылының оңтүстігінде 1 км жерде, теңіз деңгейінен 202 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 4,4 км2, ұзындығы 3,1 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 8,3 км. Бойлық бағытта созылып жатқан көл жағалауы жазық. Жаз айларында шарасы кеуіп қалады немесе шалшық батпаққа айналады. Негізінен жауын-шашын, қар суларымен толысады. Атырабы шабындыққа, егістікке пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Фёдоров ауданы көлдері