Соомаа ұлттық саябағыі () — Эстониядағы ұлттық саябақ, Вильяндимаа уезінің батыс бөлігінде орналасқан. Соомаа ұлттық паркі 1993 жылы 8 желтоқсанда сулы-батпақты жерлерді, шабындықтар мен ормандарды қорғау үшін құрылған.Национальный парк Соомаа http://reserves-park.ru/natsionalnye-parki-estonii/1191-soomaa.html Национальный парк Соомаа(Soomaa rahvuspark) https://www.puhkuseestis.ee/dostoprimechatelnosti?sightseeing_id=199
Тарихы Бұл жерлерде адамдар тас дәуірінде өмір сүрген, бұл әртүрлі дәлелдермен расталады, мысалы, дәстүрлі ағаш қайықтар. Соомаа - жалпы еуропалық маңызы бар, табиғаты қол тимеген аумақ және табиғатты қорғау желісінің бөлігі болып саналады. Соомаа - "батпақты жер" дегенді білдіреді
Соомаа ұлттық саябағы 1957 жылы Халлисте орманды шалғынының ботаникалық оқшаулау аймағы және 1981 жылы Кикепера, Ёерди, Куресоо және Валгераба батпақты қорығы құрылды. 1993 жылы Соомаа ұлттық саябағы құрылды.
Соомаа атауы ұлттық саябақ құрылмастан бұрын пайда болды. Оны профессор Теодор Липпмаа берді, ол 1935 жылы жарық көрген "Эстонияның Геоботаникасының негізгі белгілері" жинағында атап өтті.
Соомаа 1997 жылдан бері Рамсар конвенциясының қорғауында. 2009 жылы ұлттық парк еуропалық ең үлгілі туристік бағыттар байқауында номинациялардың бірін жеңіп алды.Национальный парк Соомаа (Эстония) — что посмотреть туристу https://www.eberhart.ru/news/natsionalnyy-park-soomaa-estoniya-chto-posmotret-turistu/О заповедной территории https://kaitsealad.ee/ru/zapovedniki/nacionalnyy-park-soomaa/o-zapovednoy-territorii-1Соомааский национальный парк https://www.visitestonia.com/ru/%D0%BA%D1%83%D0%B4%D0%B0-%D0%BF%D0%BE%D0%B9%D1%82%D0%B8/%D0%B7%D0%B0%D0%BF%D0%B0%D0%B4%D0%BD%D0%B0%D1%8F-%D1%8D%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D1%8F/%D1%81%D0%BE%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9-%D0%BD%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B9-%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%BA
Географиясы Соомаа ұлттық паркін қалыптастырған элементтердің бірі - оның геологиясы. Бұл бір кездері 12 000 жыл бұрын, Балтық теңізі Балтық мұзды көлі болған және Батыс Эстония мұз дәуірінде қалыптасқан ежелгі теңіз түбі болды. Шегінген мұздықтар шөгінді батпақтармен үлкен ойпатты қалып, және бүгінде Соомаа Еуропадағы ең үлкен бұзылмаған шымтезек батпақ жүйесі болып қала береді.
Эстония Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің ақпараты бойынша жазда Суома арқылы секундына орташа су ағыны 5-10 текше метрді құрайды». Бірақ «бесінші маусымда» ол 10 есе жоғары, ал ағын секундына 100 текше метрге жетеді. Мұнда 100 жылға жуық жазба деректер тарихтағы ең ірі су тасқыны 1930-1950 жылдары болғанын көрсетеді.Национальный парк Соомаа в Эстонии https://urusovdiscovery.com/2021/04/15/%D0%BD%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B9-%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%BA-%D1%81%D0%BE%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D0%B0-%D0%B2-%D1%8D%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D0%B8/
Сипаттама Соомаа ұлттық саябағының ауданы 390 шаршы км, ол Лахемаадан кейінгі екінші орында. Саябақ аумағының көп бөлігін батпақты кешендер алып жатыр, олар кейде Пярну өзенінің салаларымен ұштасады. Соомаада ауданы бойынша ең үлкен батпақ - Куресоо немесе «тырна батпағы» бар. Тырналар батпақ арқылы екі-екіден емін-еркін жүреді.
Соомааның шығыс бөлігінде Эстониядағы ең биік төбелер бар. Сонымен қатар, «бесінші маусым» деп аталатын қызықты құбылыс бар. Бұл көктемгі су тасқыны, оның барысында саябақтың су қоймаларындағы су деңгейі 5 метрге дейін көтеріледі. Жоғары су парктің барлық дерлік аумағын басыпады. Су басіу аймағы орташа алғанда 7-8 км шамасында ауытқиды.
Толық су басу түріндегі жағдайлар өте сирек кездеседі, сондықтан жануарлар әлемінің көптеген өкілдері осы жерде мекендейді. Бұл аю, қабан, сілеусін, бұғы, бұлан, қасқыр және құндыз. Батпақтарда сирек кездесетін құстардың қатарына бүркіт, қыран, қараторғай, қара ләйлек жатады. Мұнда барлығы 160-қа жуық құс түрі мекендейді. Балықтардан көксерке, қарақұйрық, қарақұйрық, алабұға жиі кездеседі.Национальный парк Соомаа https://www.votpusk.ru/country/dostoprim_info.asp?ID=2657Национальный парк Соомаа, Эстония https://ermakvagus.com/Europe/Estonia/soomaa-rus.htmlНациональный парк Соомаа https://discoveric.ru/mesta/estoniya/vilyandi/nacionalnyj-park-soomaa
Туристік қызмет Соомаа аумағында бірнеше жабдықталған соқпақтар мен от жағуға арналған арнайы орындар бар. Киртси-Тырамаада саябақтың орталығында қонақ қабылдайтын орталық салынған, онда жергілікті қызметтер туралы қажетті ақпаратты алуға болады.Национальный парк Соомаа https://www.ural.org/tourism/estoniya/nacionalnyj-park-soomaa/
Саябақ өзендеріндн каноэмен жүзу танымал. Соқпақ жолдары мен батпақтар жаяу серуендеуге де, қармен жүруге де қолайлы. Соомаа ұлттық саябағында және оның айналасында Кургьядан Вилянди мен Пярнуға дейін 50-ден астам түрлі демалыс орындары бар.
Соомааның танымал соқпақ жолдары - Рийза және Мейкозе аяқ жолдары. Соомаасға келушілер орталығында интерактивті смарт ойын ойнауға арналған Копрарада соқпағы бар, ал тақтайшаның бір бөлігі мүгедектер арбасы мен балалар арбаларымен жүруге мүмкіндік береді. Соомааға барған кезде Джоесуу ауылындағы ең ұзын Пярнумаа аспалы көпіріне баруға болады.
Соомада экскурсиялық және өздігінен жүретін жорықтарды ұйымдастыратын бірнеше жол нұсқаушылары бар.Соомааский национальный парк https://visitparnu.com/ru/soomaa/
Дереккөздер
Санат:Эстония ерекше қорғалатын табиғи аумақтары Санат:Эстония географиясы