Скупной белок – Иванов жотасының оңтүстік-батыс бөлігіндегі шағын жота.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Ерофеевка қыстауының солтүстік-батысында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1729 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-ге созылған, енді жері 7 км. Беткейі тіктеу, өзен аңғарларымен қатты тілімденген. Биік белдеулерінде таудың үшкір басы шығып тұрады. Батыс беткейінде сирек, шығысында қалың қылқанжапырақты орман өскен. Таудан Кіші Үлбі, Марчиха өзендерінің салалары бастау алады. Солтүстік-батысында Черепановский белок, солтүстігінде Сержинский белок таулары жалғасып жатыр. Атырабы шабындық жəне жайылым.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Алтай ауданы таулары