Ақсуат – Талас Алатауының солтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Түркістан облысы Төле би ауданында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 4027 м. Таудан Ақсу өзені бастау алады. Оңтүстік-батысында Ақсу-Жабағылы қорығы бар. Тау беткейі күрделі тілімденген, тік жарқабақты.
Өсімдігі Топырағы таулы шалғынды-далалы, субальпілік және альпілік. Ең жоғарғы беткейінде мұздықтар қалыптасқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Төле би ауданы таулары Санат:Талас Алатауы