Жөлек — Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ауыл, Жөлек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Шиелі кентінен солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде, Сырдария өзені аңғарындағы қамыс, түйнекөлең, т.б. әр түрлі сораң шөптер өскен шалғынды саздақ топырақты, шөлді белдемде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1548 адам (792 ер адам және 756 әйел адам) болса, 2009 жылы 1611 адамды (798 ер адам және 813 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Іргесі 1943 жылы қаракөл қойын өсіретін “Сырдария” кеңшарының орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан “Жөлек” акционерлік қоғамы жұмыс істеді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, фельдшер-акушерлік пункт бар. Ауыл тұрғындары көрші елді мекендермен темір және автомобиль жолдарымен қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Шиелі ауданы елді мекендері