Квени (гуро, ло, гвио) — Кот-д’Ивуар аумағында тұратын халық. Жалпы саны 420 мың адам.Современная энциклопедия - квени http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/kveni

Тілі Тілі - квени, гуро, ло тілдері.Значение слова КВЕНИ в Энциклопедическом словарике https://slovar.cc/enc/slovarik/1824115.html Диалектілері: ган, гагу, немесе гбан, канга боно, менне, тура, квени.

Діні Сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, сүнниттік мұсылмандар.Современная энциклопедия Квени https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/201342-kveni/

Тарихы Олар қазіргі аумаққа солтүстіктен XVI—XVII ғасырларда қоныс аударған және ішінара ассимиляцияланған аборигендер (гагу немесе гбан, нван және т.б.), олар көбінесе квенилердің субэтникалық топтары ретінде қарастырылады. Гаганың бойы қысқа. Мәдени жағынан солтүстік (корубек), батыс (сети) және оңтүстік (пробен) аймақтарының квенилері ерекшеленеді.народы мира / Квени http://www.etnolog.ru/people.php?id=KVEN

Кәсібі Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатывн егіншілік (солтүстік пен солтүстік-батыста күріш, тары, ямс, жүгері, маниок, батыс пен оңтүстікте банан, солтүстігінде таро). Қазіргі заманғы негізгі кәсіп - плантацияларда кофе өсіру (солтүстік аймақтарда какао мен мақта). Басқа кәсіптері – мал шаруашылығы (ұсақ мал, шошқа өсіру), аңшылық. Қолөнерден – ұсталық, қыш (солтүстік облыстар), тоқымашылық, ағаш маскалар жасау, тоқу.Народы и культуры Квени https://travel-journal.ru/ethno/38/762/

Өмір салты Әлеуметтік ұйымның негізіне патрилиндік рулар, жасырын одақтар (Замбле, Голи, Дие және т.б.), жастық институттар (қазіргі уақытта олардың рөлі шектеулі). Неке қонысы вирилокальды, полигиния, левират, сорорат, сатып алынған неке, инициация ғұрпы сақталған.

Елді мекендері жинақы, түзу орналасқан. Үйлері дөңгелек және (оңтүстікте) төртбұрышты лашықтарда тұрады.

Негізгі тағамдары - өсімдік тектес тағамдар (жарма, бұқтырылған тағамдар, қайнатылған, қуырылған және пісірілген түйнектер, пальма майы және ащы дәмдеуіштер қосылған көкөністер).

Дереккөздер

Санат:Кот-д’Ивуар халықтары